Bestprofi Logo

Қаулы № 555 от 2007-06-30г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 Қаулысы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялану тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30»маусымдағы N 555 қаулысымен бекітілген

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары

1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Ереже) жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды (сертификатталған өнімдерді қоспағанда), сараптау жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын регламенттейді.

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлға лицензиаттар болып табылады.

3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негізінде жөндеу-құрылыс жұмыстарының, ғимараттарды (тарихи және мәдени ескерткіштерін қалпына келтіруді қоспағанда), құрылыстарды қайта жаңғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудің тиісті түрлерін жүзеге асыра алады.

4. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген қажетті құжаттар ұсынылады.

5. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімі Заңда белгіленген мерзімде қабылданады.

6. Лицензиар теріс шешім қабылдаған кезде өтініш берушіге жұмыстардың (қызметтердің) сұратылған тізбесі (жекелеген түрлері) бойынша лицензия беруден дәлелді бас тарту жазбаша нысанда жолданады.

7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Лицензиаттардың бас лицензияны иеленушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (материалдар, ақпараттар) лицензиарға мынадай есеп нысанында:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) жүзеге асыратын заңды тұлғалар - жыл сайын;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, жобалау-іздестіру, сараптау жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалар - кемінде үш жылда бір;

3) жеке тұлғалар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар - кемінде бес жылда бір рет ұсынады.

9. Құрылысқа арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін өтініш беруші сәйкес келуі тиіс қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1) заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкерлердің, жауапты орындаушылардың;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание