Bestprofi Logo

Жарлық № 729 от 2009-01-22г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 22 қаңтардағы N 729 Жарлығы

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж., N 7, 50-құжат; N 26, 264-құжат; N 28, 320-құжат; N 30, 320-құжат; 2007 ж., N 30, 330-құжат; N 33, 361-құжат; 2008 ж., N 10, 105-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты" деген жолда "61" деген цифр "101" деген цифрмен ауыстырылсын;

2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (22.01.2009 ж. редакцияны қараңыз)

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание