1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Отправить по почте
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 878 Қаулысы
2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстандық бөлігінiң инфрақұрылымын құру, дамыту және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
оны құру мақсаттарына қол жеткiзу мақсатында қызметiн "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігiнің аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен және шаруашылық жүргiзушi субъектілермен өзара iс-қимыл жасау;
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамытудың ағымдағы, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінің аумағында Келiсiмде айтылған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға әлеуетті инвесторларды тарту;
Келiсiмде айтылған және "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлiгiн басқару жөніндегi уәкілетті органмен келісiлген шаруашылық қызмет түрлерiн жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлсiн.
4. Алматы облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен географиялық координаттары, орналасу схемасы және шекаралары Келiсiмде келтірілген алаңы 120 (бiр жүз жиырма) гектар жер учаскесін қайтарымды ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында Қоғамға берсін.
5. Қоғам ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |