• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.11.2003 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 қараша N 1754
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне үш, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Орта және кәсiптiк бiлiм комитетi (бұдан әрi - 
Комитет) таратылсын.
4. Комитет таратылғаннан кейiнгi оның мүлкiн басқару жөнiндегi   өкілеттiк Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне   берiледi деп айқындалсын.
5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауында болатын   мынадай мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер) құрылсын: 
1) Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы; 
2) Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты; 
3) Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты; 
4) Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты; 
5) А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыкалық   мектеп-интернаты; 
6) Республикалық қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетiп оқытатын мектеп-интернаты; 
7) О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаты; 
8) Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапханасы; 
9) Академик Қ.И.Сәтпаев мемориалдық мұражайы.
6. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі: 
1) Комитеттi таратуды жүзеге асырсын; 
2) Комитеттi таратқан соң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн; 
3) құрылған Мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң 1999 жылғы
 19 қарашадағы
 N 1754 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының
 Бiлiм және ғылым министрлігі туралы
 Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бiлiм және ғылым министрлiгi (мұнан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының басшылық, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде бiлiм, ғылым мен техника саласында салааралық үйлестiрудi iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Министрліктің ведомствосы бар: Жоғары аттестациялық комитет. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.01.2001. № 61
қаулысымен.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Егер Министрлiкке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
Министрлiктiң құрылымын Бiлiм және ғылым министрi (мұнан әрi - 
Министр) бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 60.  
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.02.2003. № 186 (05.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
қаулысымен.
7. Министрлiктiң толық атауы "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылады. 
Министрлiктiң өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан басқа кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға кiруiне тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.