Bestprofi Logo

Қаулы № 839 от 2002-07-27г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 шілде N 839.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны құрылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:

1) 12 жылдық бiлiм берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;

2) 12 жылдық бiлiм беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

3) бiлiм беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание