• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбiр мәселелерi
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысы

Осы редакция 14.09.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" (бұдан әрi - Орталық) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi құрылатын Орталықтың мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Орталық қызметiнiң негізгi мәнi денсаулық сақтау саласында ғылыми және өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Орталықтың Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының аумағы 1600 шаршы метр "У.Оспанов атындағы Топырақтану институты" филиалы ғимаратының бiр бөлiгiн Орталыққа ұзақ мерзiмдiк жалға берсiн.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны ғимаратының бір қабатын Орталыққа ұзақ мерзiмдiк жалға берсiн.  
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2004. № 748 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434  қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын: 
"18. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу."; 
2) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-182 жолмен толықтырылсын: 
"470-182    "Инфекцияға қарсы препараттар 
     ғылыми орталығы" республикалық 
     мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық         Алматы 
     жүргiзу құқығымен)                         қаласы";
3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде: 
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-33 жолмен толықтырылсын: 
"157-33. Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы".
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 25 маусымдағы
 N 703 қаулысымен
 бекітілген
Ғылыми-техникалық бағдарлама  
  2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу 
1. Бағдарламаның паспорты 
Атауы                  Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу
Әзiрлеушi мемлекеттiк  Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым 
орган                  министрлiгi
Iске асыру мерзiмдерi  2004-2007 жылдар
Әзiрлеу үшiн негiздер  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 
                29 мамырдағы N 584  қаулысымен  мақұлданған 
                Қазақстан Республикасы дәрілiк саясаты 
                тұжырымдамасы, 3-тарау; 
                Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi 
                Кеңсесiнің Басшысы А.Тiлеубердиннiң 
                2004 жылғы 13 мамырдағы N 24-4/007-95 
                тапсырмасының 2-тарауы.
Бағдарламаның мақсаты  Адам мен жануарлардың бактериалдық, вирустық 
                және бактериалдық-вирустық (микст) 
                инфекцияларымен күресу үшiн, инфекцияға 
                қарсы жаңа препараттарды әзiрлеу
Бағдарламаның          Туберкулездi, ВИЧ-инфекцияны, вирустық