Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1214 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 470-104-жолдың 2-бағаны "Шығыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Сәрсен Аманжолов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-133-жолдың 2-бағаны "Солтүстiк Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Манаш Қозыбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-137-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Махамбет Өтемiсов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-155-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 470-170-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Жәңгiр хан атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1111 қаулысымен. (29.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |