Toggle Dropdown
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1358
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" және 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ гуманитарлық заң университеті" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде қызметінің негізгі мәні мыналар деп айқындасын:
Toggle Dropdown
заң, сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым салаларында жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау;