Bestprofi Logo

Қаулы № 758 от 2006-08-11г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 758 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазаэросервис" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:

шарт негiзiнде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерiнiң ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

әуе кемелерi ұшуының қауiпсiздiгiне, тұрақтылығына және тиiмдiлiгiне жәрдемдесу;

метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенiмдiлiктi қамтамасыз ету.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание