Bestprofi Logo

Қаулы № 68 от 2004-01-22г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысы

Мемлекеттiк даму институттарының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне беру жүзеге асырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысымен бекiтiлген

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание