Toggle Dropdown
Осы редакция 26.11.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысы
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк даму институттарының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне беру жүзеге асырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының