• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысы

"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығын 
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:   
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн. 
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - өкiлеттi органдар) Тiзбеге сәйкес республикалық кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын оларды мемлекеттiк басқару органдары болып белгiленсiн.  
Өкiлеттi органдар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың Тiзбесi бекiтiлгеннен соң екi ай мерзiм iшiнде кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың басшыларымен контракт жасасын. 
3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары жарғылар бекiтiлген соң бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен кәсiпорындарды қайта тiркеуден өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзiлiмiн әзiрлесiн және оны жүргiзсiн.
5. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1996 жылғы 25 маусымдағы
 N 790 қаулысымен
 Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Геология  
  және жер қойнауын қорғау министрлiгi 
1.  "ҚазҚЕӘБ" Ашық газ және мұнай атқылама.      Атырау қаласы 
2.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 25.01.2001. № 133 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 
4. "Республикалық сауда-жабдықтау бiрлестiгi"   Алматы қаласы 
қазыналық кәсiпорны Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 21.08.1997. № 1275 қаулысымен
6. Алып тасталды ҚР Үкіметінің 28.02.2001. № 296 қаулысымен.
7. "Дезинфекция" республикалық бiрлестiгi"      Алматы қаласы 
8. "Республикалық клиникалық психиатриялық      Алматы қаласы