• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 қараша N 1221

1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
4-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды" деген сөздер алынып тасталсын және "қаражат есебінен" деген сөздерден кейін "берілетін штат санының шегінде" деген сөздермен толықтырылсын.