Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1732 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
3,4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3. Кеңсе мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.
Toggle Dropdown
Кеңсе азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
Егер Кеңсеге заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Кеңсе өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Кеңсенің басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
5. Кеңсенің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.»;
Toggle Dropdown
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«9. Кеңсенің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Кеңсеге кәсіпкерлік субъектілерімен Кеңсенің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Кеңсеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.»;
Toggle Dropdown
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Кеңсенің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
Toggle Dropdown
10-тармақ 10-1-тармақ деп есептелсін;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«10. Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру.»;
Toggle Dropdown
5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Кеңсені қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
21. Кеңсені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Кеңсенің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
3. «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Toggle Dropdown
4. «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
5. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі.».
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов