Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Коммуникациялар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 1396 Қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникациялар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне таратылатын мекеме кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті беруді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 қарашадағы
№ 1396 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 944 бірлік санында бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
8-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 қарашадағы
№ 1396 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті