Bestprofi Logo

Қаулы № 1328 от 2009-09-09г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 Қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1328 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

"3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 636 бірлік санында бекітілсін.";

6-тармақтағы "Қосымшаға" деген сөз "1-қосымшаға" деген сөзбен және осы қаулының қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;

осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1328 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып штат санының лимиті

Атауы Штат санының лимиті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 636
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 329
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы 14
Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы 8
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 307

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание