Toggle Dropdown
1
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
Toggle Dropdown
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Премьер-Министрiнің міндетін атқарушы