Bestprofi Logo

Қаулы № 1445 от 2001-11-13г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық поликлиника" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық поликлиника" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қарашадағы N 1445 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Республикалық поликлиника" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық консультациялық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) Кәсіпорынның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (13.11.2001 ж. редакцияны қараңыз)

2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 58-жол мынадай мазмұнда жазылсын:

"58. Республикалық консультациялық орталық".

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание