• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысы       
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 27 тамыздағы
 N 872 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат): 
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi туралы ережеде: 
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлiктiң" деген сөзден кейiн "облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi және" деген сөздермен толықтырылсын; 
10-тармақтың 3) тармақшасындағы "баспасөз бен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын; 
1) тармақшадағы "және конфессиялық" деген сөздер алынып тасталсын; 
"11) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады;"; 
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылсын: 
"18-1) жер үстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастырады; 
18-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдардың есепке алу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм қабылдайды; 
18-3) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды; 
18-4) Қазақстан Республикасының аумағына тарайтын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi"; 
2) тармақшадағы "ведомстволық" деген сөздiң алдынан "аумақтық бөлiмшелердiң және" деген сөздермен толықтырылсын; 
4) тармақша "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын; 
"5) Министрлiктiң мемлекеттiк кәсіпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекітедi"; 
"7-1) Министрлiктiң аумақтық органдары басшылары кесiмдерiнiң күшiн жояды не оларды толығымен немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтата тұрады;"; 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат): 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi туралы ережеде: 
3. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат): 
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi туралы ережеде: 
4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 512, 512-1, 512-2, 512-3, 512-4, 512-5, 512-6, 512-7, 512-8, 512-9, 512-10, 512-11, 512-12, 512-13, 512-14, 512-15, 512-16, 512-17, 512-18, 512-21, 512-22, 512-23, 512-24, 512-25, 512-26, 512-27, 512-28, 512-30, 512-31, 512-32-жолдар алынып тасталсын; 
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі" деген бөлiмде: 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 415-1, 415-2, 415-3, 415-4, 415-5, 415-6, 415-7, 415-8, 415-9, 415-10, 415-11, 415-12, 415-13, 415-14, 415-15, 415-16, 415-17, 415-18, 415-19, 415-20, 415-21, 415-22, 415-23, 415-24, 415-25, 415-26, 415-27, 415-28, 415-29, 415-30, 415-31-жолдармен толықтырылсын: 
"415-1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық           опера және балет театры" республикалық                мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны              Алматы қаласы
415-2.  "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік           академиялық драма театры" республикалық           мемлекеттік қазыналық кәсiпорны              Алматы қаласы
415-3.  "М.Лермонтов атындағы мемлекеттiк           академиялық орыс драма театры"           республикалық мемлекеттік           қазыналық кәсiпорны                          Алматы қаласы
415-4.  "Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ           мемлекеттiк академиялық балалар мен           жасөспiрімдер театры" республикалық           мемлекеттік қазыналық кәсіпорны              Алматы қаласы
415-5.  "Н.Сац атындағы академиялық балалар           мен жасөспірімдер театры" республикалық           мемлекеттік қазыналық кәсiпорны              Алматы қаласы
415-6.  "Республикалық мемлекеттік ұйғыр           музыкалық комедия театры" республикалық           мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны              Алматы қаласы