Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 354 Қаулысы
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң "Республикалық аллергология орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі