Bestprofi Logo

Қаулы № 836 от 2003-08-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 836 қаулысы

Мемлекеттің музыка өнері саласындағы мәдени-рухани аясын одан әрі дамыту және мәдениет саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) жарғысын бекіткен кезде Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан халықтарының рухани, эстетикалық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған халықтық музыка өнері саласындағы концерттік-көрермендік іс-шараларды ұйымдастыру етіп белгілесін;

2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (24.11.2003 ж. редакцияны қараңыз)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание