• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 916 қаулысы

Өсiмдiк шаруашылығы, астық және мал азығы дақылдарының, дәрiлiк өсiмдiктердiң және картоптың селекциясы, жоғарғы репродукциялы тұқым өндiру саласында ғылыми-зерттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Орталық Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндiрiсiне қазiргi заманғы агротехнологияларды енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң мән-жайы ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi (өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк) жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан 79132000 (жетпiс тоғыз миллион жүз отыз екi мың) теңге сомасындағы негiзгi құралдар Кәсiпорынның жедел басқаруына берiлсiн (1-қосымша).
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және осы қаулының 4-тармағына сәйкес негiзгi қаражатты берудi қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының 1, 4-тармақтарында және 5-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны заңнамада белгiленген тәртiппен Қарағанды облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қарағанды облысының әкiмiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
9. Қарағанды облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының тұрақты жер пайдалануынан жалпы көлемi 15347 (он бес мың үш жүз қырық жетi) гектар ауыл шаруашылығына арналған жердi, соның iшiнде 13414 (он үш мың төрт жүз он төрт) гектар егiстiк жердi Кәсiпорынның тұрақты жер пайдалануына берудi қамтамасыз етсiн (2-қосымша); 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (10.09.2003 ж. редакцияны қараңыз)
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 10 қыркүйектегі
 N 916 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруына берiлетiн негiзгi құралдардың Тізбесі (2003 жылдың 01 сәуiрiне)
___________________________________________________________________   р/с |            Атауы            | Саны,| Теңгерімдік | Қалдық 
Барлығы 150345621 79132000 ___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 10 қыркүйектегі
 N 916 қаулысына
 2-қосымша
"Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруына берiлетiн ауыл шаруашылығының жерлерiн Экспликациялау
          Ауыл шаруашылығының    |      Ауыспалы егістік   | Алаң,                  жерлерi          |       жерінің нөмірі    |  га 
Негiзгi жер алаңы                                           15347 соның iшiнде ауыл шаруашылығы   жерлерi                                                     14883   оның iшiнде суармалы жерлер                                 420 
Жайылым, барлығы:                                           1469   соның iшiнде түбегейлi   жақсартылатын                                               1036 
 Найдорф кенті жанындағы бөгет                               25   N 2 бригаданың N 7 бөгеті                                   8   ___________________________________________________________________