• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 33

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар: 
1) "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны" оны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен; 
2) "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны" оны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Қызметтiк тұрғын үйлердi пайдалану жөнiндегi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Дирекция) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қызметiнiң негiзгi мәнi: 
1) Кәсiпорынның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау; 
2) Дирекцияның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк тұрғын үйлерiн пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша): 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне жаңадан құрылған ұйымдардың жарғыларын бекiтуге ұсынсын және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (17.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі