Bestprofi Logo

Қаулы № 1538 от 2001-11-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың жекелеген мәселелері

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1538

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазселденқорғау" құрылыс-монтаждау басқармасы (ҚМБ)" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының (ТЖК "Қазселденқорғау" РМҚК ӨТЖБ) өндiрiстiк-технологиялық жинақтау басқармасы (ӨТЖБ)" еншiлес мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасының ТЖМК "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының механикаландыру және көлiк басқармасы (МжКБ)" және "Қазақстан Республикасының ТЖМК "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Қапшағай қосалқы ауыл шаруашылығы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң "Селденқорғау құрылыс" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi селден, су тасқындарынан, қар көшкiндерiнен, жер сiлкiнiсiнен және басқа да табиғи апаттардан туындаған төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды орындау болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

2) оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (28.11.2001 ж. редакцияны қараңыз)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание