• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 11 ақпан N 149

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Инженерлiк және техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру және ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық және зияткерлiк әлеуетiн, материалдық-техникалық базасы мен инновациялық бiлiм беру технологияларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (11.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі