• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 20.06.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 64 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) "Қазқұрылысжүйесi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi өндiрiстiк, азаматтық және жол құрылысы, құрылыс, әрлеу және қаптау материалдарын, сантехника өндiру, жобалау жұмыстары болып белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қоғамның жарғылық капиталын Кәсiпорынның мүлкi есебiнен 52000000 (елу екi миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн; 
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн.