Bestprofi Logo

Қаулы № 68 от 2003-01-21г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 қаңтар N 68

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін.

3. Алматы қаласының әкімдігі белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (21.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание