Bestprofi Logo

Қаулы № 1208 от 2002-11-14г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1208

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қолдау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік тапсырысты орындау жолымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, тіршілігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымын жетілдіру саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) бір ай мерзімде Кәсіпорын Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қолдансын.

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (14.11.2002 ж. редакцияны қараңыз)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание