• Мое избранное

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттiк кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1602

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Ақпарат" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2003. № 1062 қаулысымен. (10.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:  
1) Қоғамның жарғыcын бекiту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәні бұқаралық ақпарат құралдары саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн; баспа, полиграфия, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру; жұмыс жағдайын материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң және прокуратура органдарының ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын, инженерлiк желiлерiн, көлiк құралдарын, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерiн және өзге мүлiктерiн пайдалану деп белгiлесiн;  
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2003. № 1062 қаулысымен. (10.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2001 жылғы 10 желтоқсандағы
 N 1602 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.10.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2,3-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.10.2003. № 1062 қаулысымен. (10.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2001 жылғы 10 желтоқсандағы
 N 1602 қаулысына
 қосымша
 
р/с!Шаруашылық жүргізу құқығындағы !Құрылатын ашық акционерлік
N !"Ақпарат" республикалық мемлекеттік !қоғамдар атаулары және
!кәсіпорнының қайта құрылатын еншілес !олардың орналасқан жерлері
!мемлекеттік кәсіпорындарының атаулары!
!және олардың орналасқан жерлері !