Bestprofi Logo

Қаулы № 835 от 2004-08-11г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Қазақстан Республикасының Парламенті Үйі жанындағы асхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

"Қазақстан Республикасының Парламентi Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 835 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстан Республикасының Парламенті Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының асханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi тиiстi жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау болып белгіленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оны әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (11.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Премьер-Министрінің міндетін атқарушы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание