Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 қаңтар N 63
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазақ тұлпары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.01.2003 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |