Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:
аталған Жарлықтағы 1-тармақта:
"Самақова - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Айткүл Байғазықызы қорғау министрi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
2) "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат; 2003 ж., N 49, 557-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарында:
I бөлiмнiң 1.2.1-шағын бөлiмiнің соңғы абзацындағы және 1.4.5-шағын бөлiмiнiң екiншi абзацындағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 113-құжат;
2003 ж., N 43, 451-құжат; 2004 ж., N 18, 223-құжат; N 51, 671-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң құрамында:
"Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығында:
3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;".
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);
2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3395 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат);
3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы
4 наурыздағы N 16 өкiмi;
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы
N 314 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы
N 527 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).
7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |