1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

Осы редакция 18.06.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 593 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат; 2003 ж., N 49, 557-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында:
II бөлімнің 1.2.1-бөлімшесінің соңғы абзацындағы және 1.4.5-бөлімшесінің екінші абзацындағы "Отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 41, 569-құжат; 2006 ж., N 5, 39-құжат):
3-тармақтағы "Отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын.";
5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 39-құжат; 2007 ж., N 12, 135-құжат):
Жарлықтың атауындағы және 1-2-тармақтарындағы "Отбасы істері және гендерлік", 3-тармақтың 1) тармақшасындағы және 4-тармақтағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер тиісінше "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық", "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
атауында және 1-тармақта "Отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
3) тармақшада:
"гендерлік теңдіктің жай-күйі" деген сөздер "әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал" деген сөздермен ауыстырылсын;
"гендерлік" деген сөзден кейін "және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
екінші және төртінші абзацтардағы "гендерлік теңдікке", сегізінші абзацтағы "гендерлік теңдіктің" деген сөздер тиісінше "әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне", "әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"ерлердің, әйелдер мен балалардың" деген сөздер "халықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "жәрдемдесу" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;";
8) тармақшадағы "гендерлік теңдіктің" деген сөздер "жыныстар теңдігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) және 12) тармақшалардағы "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "әйелдер, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы "гендерлік теңдік" деген сөздер "әйелдер" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
3) және 4) тармақшалардағы "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "жыныстар теңдігі, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "және бақылауға" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы "және бекітуге" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "жыныстар теңдігі, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.
Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.";
12-тармақта:
4) тармақшадағы "оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Комиссия мүшелерінің бірі" деген сөздер "отырыстарға Комиссия хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Комиссия төрағасы болмағанда Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін Комиссия хатшылығы жүзеге асырады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4) "Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 200 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 423-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5-бөлімінің 2.2-бөлімшесіндегі "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзім ішінде Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |