• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 Қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 86 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінетін қаржы агенттігі деп белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі белгіленсін»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 11 ақпандағы
 № 86 қаулысына
 қосымша
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.