• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7503 тіркелді
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 ақпандағы
 № 43 қаулысына
 1-қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (2008 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
3390 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
3390 91 шотының сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 92 шотының атауымен және сипатымен толықтырылсын:
Мақсаты: арнайы қаржы компанияларының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының кредитормен жасасқан заем шартынан және (немесе) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны орындаушыға аудару кезіндегі орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 100 қаулысына (2008 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
"1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы " 2006 жылғы 20 ақпандағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есепті жүргізуін толықтырады.
2. Осы Нұсқаулықта "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы " 2006 жылғы 20 ақпандағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы " 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.";
"5. Қазіргі немесе болашақтағы талап ету құқығын ұйымдастыруға өткен кезде тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі – Дт) және кредиті (бұдан әрі – Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
"9. Бөліп көрсетілген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны оригинаторға және (немесе) орындаушыға беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
"5. Бөліп көрсетілген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау операцияларының бухгалтерлік есебі";
"13. Бөліп көрсетілген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді "өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар" және "сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" санатына жіктелген борыштық бағалы қағаздарға және акцияларға (мәміле бойынша шығындар қосылатын сатып алу құнына) инвестициялау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың таза құнына (оның номиналды құнынан аспайтын сомаға) және акцияларды сатып алуға байланысты шығындар қосылатын акцияларды сатып алу құнына: