• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 30.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) 2010 жылғы 1 наурызға дейін жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін;
2) 2010 жылғы 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулының іске асырылуы жөнінде ақпарат берілуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 494 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 163-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 15 желтоқсандағы
 № 2131 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
аудандық емхана (бұдан әрі - АЕ) тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын аудан орталығында құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлімшені, жалпы практика және (немесе) учаскелік қызмет бөлімшесін, жедел медициналық жәрдем станциясын (бөлімшесін), сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мынадай құрылымдық бөлімшелерді қамтиды:
медициналық пункт бекітілген халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі - АЕМ) құрылады;
фельдшерлік-акушерлік пункт бекітілген халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
ауылдық емхана тіркелген халқының саны 10000 (он мың) адам және одан жоғары, халқы жинақы орналасқан АЕМ-де құрылады.
Тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем аудан орталығында аудандық орталық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде АЕ құрылады.
Қалалық емхана (бұдан әрі - ҚЕ) бекітілген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлімшені, жалпы практика бөлімшесін және (немесе) учаскелік қызмет бөлімшесін қамтиды;
дәрігерлік амбулатория климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, бекітілген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем қалаларда ҚЕ-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
Республикалық маңызы бар қалада және астанада дәрігерлік амбулатория бекітілген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем дербес заңды тұлға ретінде құрылады;
2) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: