Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Орталық жүзу бассейні" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1253 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.10.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Орталық жүзу бассейнiнiң қаржылық және материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды даярлау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінің "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Орталық жүзу бассейнi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу, елдiң ұлттық командаларын және спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқығын берсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 26 қыркүйектегі
N 1253 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
Toggle Dropdown
реттiк нөмiрi 179-жол алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулыға 4-қосымша:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 129-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"129 Орталық жүзу бассейнi, Абай даңғылы, 48-үй".
Toggle Dropdown
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-30-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"123-30 Орталық жүзу бассейнi" ЖАҚ".
Toggle Dropdown
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-3-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"228-3 Орталық жүзу бассейнi" ЖАҚ".
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)