Toggle Dropdown
7
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 21.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Самұрық" холдингi" АҚ) құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Акциялары "Самұрық" холдингi" АҚ-тың меншiгiндегi акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету оның қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Қоса берiлiп отырған "Самұрық" холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне "Самұрық" холдингi" АҚ-тың жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 70000000 (жетпiс миллион) теңге бөлiнсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражат есебiнен "Самұрық" холдингi" АҚ-тың орналастырылатын акцияларына ақы төлеудi;
Toggle Dropdown
2) "Самұрық" холдинг" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "Самұрық" холдингi" АҚ-тың Жарғысын бекiтудi;
Toggle Dropdown
3) "Самұрық" холдингi" АҚ-ты Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
Toggle Dropdown
4) "Самұрық" холдингi" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне берудi;
Toggle Dropdown
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
6. Қоса берiлiп отырған акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Самұрық" холдингi" АҚ-тың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн ұлттық компаниялардың (бұдан әрi - ұлттық компаниялар) тiзбесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
7. Ұлттық компаниялар заңнамада белгiленген тәртiппен "Самұрық" холдингi" АҚ-тың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 5 және 7-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн "Самұрық" холдингi" АҚ-тың жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру арқылы орналастырылатын акцияларға ақы төлеудi қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiр апта мерзiмде "Самұрық" холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-70-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"21-70. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ";
Toggle Dropdown
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-3-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"268-3. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ".
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен және мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Toggle Dropdown
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
Toggle Dropdown
13. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 ақпандағы
N 117 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
Toggle Dropdown
1. Құру мақсаты
Toggle Dropdown
"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Самұрық" холдингi" АҚ) құрудың мақсаты корпоративтiк басқаруды жетiлдiру жолымен Қазақстан Республикасының мемлекет қатысатын компаниялардың ұзақ мерзiмдi құндылығын барынша арттыру болып табылады.
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ-қа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес ұлттық компаниялар, өзге де акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Компаниялар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi берiледi.
Toggle Dropdown
2. "Самұрық" холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ-тың мақсаттарға қол жеткiзуi қызметiнiң мынадай негiзгi қағидаттарына негiзделетiн болады:
Toggle Dropdown
Компаниялар қызметiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру;
Toggle Dropdown
Компанияларды корпоративтiк басқарудың әлемдiк үздiк практикасын енгiзу;
Toggle Dropdown
Компанияларды дамыту жөнiндегi орта мерзiмдi мақсаттарға қол жеткiзуде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешiмдердi әзiрлеу;
Toggle Dropdown
инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
Қызметтiң осы негiзгi қағидаттарын iске асыру "Самұрық" холдингi" АҚ-тың акционер функцияларын жүзеге асыру және тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету және инвестициялық функцияларды орындау арқылы Компанияларды дамытуға белсендi қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
Toggle Dropdown
3. "Самұрық" холдингi" АҚ-тың функциялары
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ-тың негiзгi функциялары Компанияларды олардың директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды ескере отырып, Мамандандырылған Кеңес қабылдаған "Самұрық" холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі шешімдер негiзiнде Компаниялар үшiн мақсаттар қою;
Toggle Dropdown
алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн Компаниялардың орта мерзiмдi бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламаларын және жылдық бюджеттерiн бекiту;
Toggle Dropdown
Компаниялар тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiн қарау және айқындау;
Toggle Dropdown
мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету, оның iшiнде Компаниялардың қаржылық нәтижелерiн барынша арттыру;
Toggle Dropdown
Компаниялар алға қойылған мақсаттар мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiн орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
Компаниялар басшыларын iрiктеу және уәждемелеу;
Toggle Dropdown
Компаниялар қызметi нәтижелерiнiң мониторингi;
Toggle Dropdown
Компаниялар аудитiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн корпоративтiк қаржы мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлейдi, сондай-ақ мынадай инвестициялық функцияларды iске асырады:
Toggle Dropdown
ұлттық және салааралық ауқымдағы тұжырымдамалық инвестициялық шешiмдердi және тиiстi ТЭН әзiрлеу;
Toggle Dropdown
жобаларды сүйемелдеу және оларға қатысушыларды құрылымдау;
Toggle Dropdown
жобаларды бiрлесiп қаржыландыру.
Toggle Dropdown
4. "Самұрық" холдингi" АҚ-ты басқару мәселелерi
Toggle Dropdown
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан "Самұрық" холдингi" АҚ-тың жалғыз акционерi болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi "Самұрық" холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын айқындайды.
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар, Индустрия және сауда министрлiктерi бірінші басшылары, тәуелсiз директорлар, "Самұрық" холдингi" АҚ-тың басқарма төрағасы және өзге де тұлғалар кiредi.
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне мыналар жатады:
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ-тың бюджетiн бекiту;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң жанынан комитеттер, оның iшiнде Аудит комитетi құрылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ-тың қызметiн қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты мен Компаниялардан түсетiн дивидендтер есебiнен қалыптастырылатын кiрiстер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер есебiнен жүзеге асырылады. Компаниялардың акциялары пакеттерiн сатудан түскен кiрiстер де инвестициялық қызметтi қаржыландыруға жiберiледi.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Самұрық" холдингi" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Yкiметi мен "Самұрық" холдингi" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар құрылуы туралы шешiмдi және қызметi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшiсi орган - Мамандандырылған Кеңес арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған Кеңестiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы министрлiктерiнiң, салалық орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшылары және өзге де тұлғалар кiредi. Мамандандырылған Кеңес бір айда бiр рет орта мерзiмдi негiзде Компанияларды басқару жөнiндегi негiзiн қалаушы мақсаттар мен мiндеттер бойынша ұсынымдар әзiрлеудi жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзудi бағалауды жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Мамандандырылған Кеңес өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады және кемiнде екi жылда бiр рет отырыс өткiзедi. Мамандандырылған Кеңестiң қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi Мамандандырылған Кеңестiң қызметi туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Компаниялардың қызметiне мемлекеттiк органдардың олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негiзделмеген араласуына жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
6. "Самұрық" холдингi" АҚ пен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар
Toggle Dropdown
"Самұрық" холдингi" АҚ пен Компаниялардың өзара қарым-қатынастары оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Самұрық" холдингi" АҚ-тың Компаниялардың қызметiне ықпал етуi акционер функцияларын жүзеге асыру және Компаниялардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету арқылы корпоративтiк басқару шеңберiмен шектеледi.
Toggle Dropdown
Компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамына "Самұрық" холдингi" АҚ-тың өкiлдерi, тәуелсiз директорлар, сондай-ақ тиiстi салалық орталық атқарушы органның бiр өкiлi кiредi. "Самұрық" холдингi" АҚ қажеттi дауыстар санына ие болған жағдайда "Самұрық" холдингi" АҚ-тың өкiлi Компаниялардың директорлар кеңестерiнiң төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Үкіметінің
Toggle Dropdown
2006 жылғы 23 ақпандағы
Toggle Dropdown
N 117 қаулысымен бекiтiлген
Toggle Dropdown
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамына берiлетiн ұлттық компаниялардың тiзбесi
Toggle Dropdown
р/с N | Атауы | Акциялардың мемлекеттiк пакетi |
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық 100% компаниясы" акционерлiк қоғамы
Toggle Dropdown
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi 100%
Toggle Dropdown
Қазақстан компаниясы" "KEGOC"
Toggle Dropdown
(Kazakhstan Electricity Grid Operating
Toggle Dropdown
Company) акционерлiк қоғамы
Toggle Dropdown
4. "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы 50% + 1 акция
Toggle Dropdown
5. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" 100% акционерлiк қоғамы
Toggle Dropdown
6. "Қазпочта" акционерлік қоғамы 100 %