• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 Қаулысына толықтыру енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы N 200 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 
"3) байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерiнiң техникалық тапсырмаларын және техника-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі