• Мое избранное

Отправить по почте

9

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 Қаулысы

"Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрылсын.
2. "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділiктi арттыру мен ынталандыру мақсатында акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берiлген заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару болып белгiленсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006. № 818 қаулысымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1) "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум; 
2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi бекiтiлсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006. № 818 қаулысымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
2) "Қазына" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
3) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) "Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берудi; 
4) "Қазына" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берудi; 
5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006. № 818 қаулысымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
6-1. Осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазына" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) бағалауды жүргiзсiн.
6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2006. № 818 қаулысымен.
6-2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 5 және 6-1-тармақтарында көрсетiлген iс-шараларды орындағаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазына" акционерлiк қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
6-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2006. № 818 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-71-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-19-жолмен толықтырылсын: 
8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 15 сәуiрдегi
 N 286 қаулысымен
 бекiтілген
"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құру мақсаты мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсендiлiктi арттыру және ынталандыру болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес "Қазына" АҚ-ға мемлекет қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрi - компаниялар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) жарғылық капиталын төлеуге берiлетiн болады.
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006 № 818 Қаулысымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазына" АҚ-ның қызметi айқындылық және кешендiлiк қағидаттарына негiзделетiн болады. 
Айқындылық қағидаты менеджерлердiң жауапкершiлiгін, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн Компанияларды корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды болжамдайды. Осы қағидатты сақтау үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби шетелдiк және отандық менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлардың институтын белсендi түрде пайдалану қажет. 
Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде Компаниялардың мамандануын қолдаудың әр түрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006 № 818 Қаулысымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
"Қазына" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттерге негiзделедi: 
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерiн, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, "Қазына" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі Мамандандырылған Кеңестiң (бұдан әрi - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негiзiнде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге Компаниялардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; 
ұлттық экономиканы әртараптандыруда Қазақстан Республикасының Үкiметiне жәрдемдесу, Компаниялардың қызметiн үйлестіру негiзiнде экспорт-импорт секторының басымдықтарын пайдалану; 
Компанияларды корпоративтiк басқарудың әлемдiк үздiк тәжiрибесiн енгізу; 
Компаниялар қызметiнiң экономикалық тиiмдiлiгін арттыру, Компаниялардың мамандануы мен олардың арасындағы орынды бәсеке арасындағы теңгерiмдi айқындау; 
Қазақстан Республикасының қор нарығының дамуына жәрдемдесу. 
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi шешу Компаниялардың тиiсті Директорлар кеңестерiнде акционер мен өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы Компанияларды басқаруда "Қазына" АҚ-ның белсендi түрде қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
3-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.05.2007 № 363 Қаулысымен. (15.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Компанияларды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Қазына" АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады: 
Мамандандырылған Кеңестiң ұсынымдары негізiнде Компаниялар үшiн мақсаттар қою; 
қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған Компаниялардың орта мерзiмдi бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерiн бекiту; 
жеке сектордың бастамаларын iске асыруға бөлiнетiн ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуын бақылау; 
Компаниялардың басшыларын iрiктеу және олардың уәждемесi. 
"Қазына" АҚ индустриялық-инновациялық даму, жоғары технологиялық халықаралық жобаларға мемлекеттiң қатысуы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн ұсынымдар әзiрлейдi.
5. "Қазына" АҚ-ны басқару мәселелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан мемлекет "Қазына" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады. Компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерiн) сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдау жолымен "Қазына" АҚ-тың жалғыз акционерi қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Yкiметi "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын айқындайды. 
"Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнің құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерi бірінші басшылары, тәуелсiз директорлар, "Қазына" АҚ-ның Басқарма Төрағасы кiредi. 
"Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне мыналар кiредi: 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер. 
"Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң жанынан комитеттер, оның iшiнде Аудит комитетi құрылуы мүмкiн. 
"Қазына" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты және өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.
5-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006 № 818, 24.09.2007 № 829 Қаулыларымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар Мамандандырылған кеңес - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешiмдi және Қызметi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары және өзге де тұлғалар кiредi. Мамандандырылған кеңес Компанияларды басқару жөнiндегі негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер бойынша ұсынымдар әзiрлеудi орта мерзiмдi негiзде бір айда бiр рет жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзуге бағалау жүргiзедi.
Мамандандырылған кеңес өзiнiң қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады және екi жылда кемiнде бiр рет отырыс өткiзедi. Мамандандырылған кеңестiң қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi Мамандандырылған кеңестiң қызметi туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. 
Компаниялардың қызметiне мемлекеттiк органдардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негiзделмеген араласуына жол берiлмейдi.
6-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.05.2007 № 363, 11.06.2008 № 576 Қаулыларымен. (15.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
7. "Қазына" АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар
"Қазына" АҚ мен Компаниялардың өзара қарым-қатынастары жоғарыда көрсетiлген оның функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Қазына" АҚ-ның Компаниялар қызметiне әсер етуi Компаниялардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегі акционер мен өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi. 
Компаниялардың Директорлар кеңесiнiң құрамына "Қазына" АҚ-ның өкiлдерi, тәуелсiз директорлар кiредi. Компаниялардың Директорлар кеңесiнiң төрағасы "Қазына" АҚ-ның өкiлдерi арасынан сайланады. Компаниялардың Директорлар кеңестерiнiң (қадағалаушы кеңестiң) екi мүшесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша "Қазына" АҚ сайлайды.
7-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2006 № 873 Қаулысымен. (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2006
№ 818 Қаулысымен. (15.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с
N
Атауы Акция-
лардың
мемле-
кеттiк
пакетi
(қатысу
үлесте-
рі)
1. "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы 100%
2. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы 100%
3. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы 100%
4. "Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы 100%
5. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы 100%
6. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы 100%
7. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi 100%