• Мое избранное
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының мәселелері
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1638 Қаулысы

2-тармақты қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.11.2012 № 1470 Қаулысына сәйкес
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1183 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.11.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Мыналар:
1) лауазымдық жалақыларының мынадай: 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) басқармасының төрағасына 1 986 543 (бір миллион тоғыз жүз сексен алты мың бес жүз қырық үш) теңге;
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының мүшелері – басқарма төрағасының орынбасаларына 1 706 560 (бір миллион жеті жүз алты мың бес жүз алпыс) теңге;
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының мүшелеріне 1 468 575 (бір миллион төрт жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс бес) теңге мөлшері айқындалсын;
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.11.2011 № 1315 Қаулысымен. (22.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 29, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің айлық лауазымдық жалақыларының шекті мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".
3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 22 қазандағы
 № 1638 қаулысына
 қосымша
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары
Қаулы қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.11.2011 № 1315 Қаулысымен.
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу лауазымдық жалақыны, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай біржолғы сыйлықақыны және бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақыны қамтиды.
2. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу Қордың ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
3. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақысының мөлшері Жалғыз акционердің шешімімен белгіленеді.
Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақысының мөлшерін өзгерту Жалғыз акционер шешімінің негізінде жүргізіледі.
4. Басқарма төрағасы мен мүшелері лауазымдық жалақысының мөлшері еңбек шартында көзделеді және іс жүзінде жұмыс істеген уақытына төленеді.
5. Қордың Басқарма мүшелерін ынталандыруды күшейту үшін Ұлттық мереке күніне – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тіркелген мөлшерде – 6 ЖЕТМ (тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері) аспайтын бір жолғы сыйлықақы төлеу жүргізіледі.
6. Бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы қол жеткізілген табыстарды материалдық көтермелеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне қарай жылына бір рет төленеді, тұрақты сипаты жоқ және орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейді.
7. Қор қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыру және Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелеріне Қордың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі үшін сыйақы төлеуге арналған объективтік негіздемелер жасау мақсатында Қордың Директорлар кеңесі қызметтің түйінді ынталандыру көрсеткіштерін (бұдан әрі – ҚТК) қолдану жолымен Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметіне бағалау жүргізеді.
8. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелерінің уәждеу ҚТК-сын Қор осы Шарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚТК картасы түрінде әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қор Директорлар кеңесінің бекітуіне шығарады.
9. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелерінің ҚТК картасын түзету Қордың даму стратегиясы түзетілген, бизнес-үдерістердің/қызмет бағыттарының жаңалары пайда болған/қолданыстағысы өзгертілген жағдайда, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша нәтижелілікке айтарлықтай әсер ететін болжанбаған мән-жайлардың туындауы себебі бойынша белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іс жүзіндегі мәндерімен толтырылған ҚТК карталары, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істеген уақыты ескерілген, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы мөлшерлерінің алдын ала есептері ҚТК карталарын кейіннен бекіту және бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.
11. Сыйақы төлеуге арналып жоспарланған сома ескеріле отырып есептелген есепті жыл үшін шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы (екінші деңгейдегі банктердің қорытынды пайдасын есептемегенде) сыйақы төлеу үшін негізгі шарт болып табылады.
12. Қордың Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының шекті мөлшері 3 жылдық лауазымдық жалақыдан аспайды.
13. Сыйақының нақты мөлшері корпоративтік және жеке ҚТК белгіленген мәндерін орындауға байланысты.
Корпоративтік ҚТК Қордың Басқарма мүшелерінің барлығы үшін бірыңғай болып табылады және Қордың жұмыс нәтижелері үшін сыйақы мөлшерін айқындайды.
Жеке ҚТК әр лауазым үшін сараланып белгіленеді және жеке нәтижелері үшін сыйақы мөлшерін айқындайды.
14. Корпоративтік және жеке ҚТК арасындағы қатынас Қордың стратегиялық мақсаттарының орындалуына әсер ету дәрежесіне байланысты лауазымдардың деңгейлері бойынша ерекшеленеді және 1-кестеге сәйкес айқындалады:
1-кесте
 
Лауазымның атауы Қатынасы, %
Корпоративтік
ҚТК
Жеке
ҚТК
Басқарма төрағасы 100 -
Басқарма төрағасының орынбасары 80 20
Басқарушы директор-Басқарма мүшесі 70 30
15. Сыйақының базалық мөлшері (C) мына формула бойынша есептеледі:
                      С = Жжыл * Шк,
мұнда:
Ж жыл – қызметкердің есепті жылда іс жүзінде жұмыс істеген уақыты үшін лауазымдық жалақысының сомасы;
Шк – жылдық лауазымдық жалақыға еселенген сыйақының шекті мөлшерінің коэффициенті.
16. Қор жұмысының нәтижелілігі үшін сыйақының мөлшері (Cк) мына 1-формула бойынша есептеледі:
                    Ск = С х Үк х К1, 
мұнда:
С – сыйақының базалық мөлшері;
Үк – корпоративтік ҚТК орындаудан сыйақы үлесі;
К1 – қызметкердің корпоративтік ҚТК бойынша нәтижелілікке қол жеткізуіне байланысты коэффициент.
17. Жеке нәтижелілігі үшін сыйақы мөлшері (Cж) мына 2-формула бойынша есептеледі:
                  Сж = С * Үж х К2, 
мұнда:
С – сыйақының базалық мөлшері;
Үж – жеке ҚТК орындаудан сыйақы үлесі;
К2 – қызметкердің жеке ҚТК бойынша нәтижелілікке қол жеткізуіне байланысты коэффициент. 
  • 1
18. Сыйақының жиынтық мөлшері (Сжыл) Қор жұмысының нәтижелілігі үшін сыйақы (Ск) сомасы мен жеке нәтижелілігі (Сж) үшін сыйақы сомасы ретінде мына 3-формула бойынша есептеледі:
                  Сжыл = Ск + Сж
19. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелерінің нәтижелілігін бағалау 2-кестеде келтірілген схема бойынша есептеледі:
2-кесте
 
ҚТК бойынша нақты мәні ҚТК* бойынша нәтижелілік, %
ШЕКТЕН төмен 0
ШЕККЕ тең 75
ШЕК пен МАҚСАТТЫҢ арасында (Нақты - Шек / Мақсат - Шек) * 25 + 75
МАҚСАТҚА тең 100
МАҚСАТ пен ШАҚЫРУДЫҢ арасында (Нақты – Мақсат /Шақыру - Мақсат) * 25 + 100
ШАҚЫРУДАН артық немесе оған тең 125
* Барлық ҚТК бойынша қорытынды нәтижелілік мына формула бойынша анықталады: 
n
е Нәтижелілік ҚТК бойынша * Салмақ ҚТК,
i-1                     i            i
мұнда: n – ҚТК саны,
      i – ҚТК реттік нөмірі.
20. Қорытынды пайданың жоспарланған көрсеткішін, Басқарма мүшелерінің жоспарлы санын, әрбір қызметкер жалақысының жылдық сомасын ескере отырып, сыйақы төлеуге арналған қаражатты жоспарлау жүргізіледі және 3-формула бойынша есептеледі.
21. Сыйақы төлеуге арналған қаражаттың нақты сомасын қалыптастыру бухгалтерлік есепте резерв жасау жолымен жүргізіледі.
22. Сыйақы тиісті лауазым бойынша нақты жұмыс істеген уақытқа теңбе тең есептеледі. Сыйақы есептеу үшін кезекті еңбек демаласында болу уақыты (жұмыс күндері), қызметтік іссапарда (оның ішінде біліктілікті арттыру курстарында) болу кезеңі нақты жұмыс істеген уақытқа енгізіледі.
23. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 4) және 17) тармақшаларына, 58-бабы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына, 59 және  60-баптарына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, сыйақы осы Шарттарға сәйкес төленеді.
24. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де негіздемелер бойынша қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, сыйақы төленбейді.
25. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелеріне бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының нақты мөлшері қаржы жылының нәтижелері бойынша Жалғыз акционер белгілеген бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының шекті мөлшерінің шегінде олардың әрқайсысының қызметін бағалауға дербес тәсіл негізінде Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді.
26. Қордың Басқарма төрағасы мен мүшелеріне бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудиттелген қаржы есептілігі негізінде Қордың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін Қор бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақша қаражатының шегінде төленеді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
 қоры" акционерлік қоғамының
 Басқарма төрағасы мен мүшелеріне
 еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру
 шарттарына
 1-қосымша
Нысан
Нысаналы мәндерімен ҚТК картасы
Лауазымның атауы_________________________________________________
 
Р/с № ҚТК атауы Өлшем бір. Салмақ* Шек** Мақсат*** Шақыру****
1 Корпоративтік ҚТК





1)





2)





n)




2 Жеке ҚТК






1)





2)





n)




* ҚТК салмағы – осы көрсеткіштің басқа көрсеткіштерге қатынасы бойынша маңыздылығын айқындайтын коэффициент;
** шек – әдетте бекітілген даму жоспарына сәйкес келетін лауазымдық міндеттер адал атқарылған жағдайда жоғары ықтималдылықпен қол жеткізілетін қызмет нәтижесінен ең аз күтуді сипаттайтын ҚТК мәні; 
*** мақсат – қызметтің жоғары нәтижелерінің күтілетін деңгейін сипаттайтын ҚТК мәні;
**** шақыру – Қордың жоғары мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін қызметтің аса үздік нәтижелерін сипаттайтын ҚТК мәні;
Келісілді: 
 
Р/с
Лауазымы Тегі, аты-жөні Қолы, күні




Толтырылған күні «____» _________ 20___ ж.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
 қоры" акционерлік қоғамының
 Басқарма төрағасы мен мүшелеріне
 еңбекақы төлеу және сыйлықақы
 беру шарттарына
 2-қосымша
Нысан
Іс жүзіндегі мәндерімен ҚТК картасы 
Лауазымның атауы_________________________________________________
 
Р/с № ҚТК атауы Өлш. бір. Салмақ Іс жүзінде Нәтиже-лілік* (%) Қорытынды нәтижелілік** (4-т. * 5-т.)
1 2 3 4 5 6 7
1 Корпоративтік ҚТК





1)





2)





n)




2 Жеке ҚТК





1)





2)





n)




* нәтижелілік – ҚТК бойынша мақсатты шектерге қол жеткізу дәрежесін айқындайтын шама;
** қорытынды нәтижелілік – барлық уәждеу ҚТК бойынша олардың салмағын ескергендегі орташа нәтижелілік; 
Келісілді:
 
Р/с
Лауазымы Тегі, аты-жөні Қолы, күні




Толтырылған күні «____» _________ 20___ ж.