• Мое избранное
Жекелеген мемлекеттік органдарда әскери және арнаулы атақтар беруді реттеу жөніндегі шаралар туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2003 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Жекелеген мемлекеттік органдарда әскери және арнаулы атақтар беруді реттеу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 17 наурыз N 18

  • 1
1. Қызметкерлерінің погоны бар нысанды әскери киім (киім-кешек) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік органдардың санын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 1999 жылдың 15 сәуіріне дейін: 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы, Президентінің Күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне әскери және арнаулы атақтар берудің тәртібін, олардың нысанды киімдер мен погоны бар нысанды әскери киім (киім-кешек) киіп жүру құқығын сақтауды; 
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің кеден органдары қызметкерлерінің, тұрақты судьялардың, сот приставтарының, Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі жүйесі қызметкерлерінің жекелеген санаттарының нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығын сақтауды; 
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атақтары үшін бұрын белгіленген үстемеақылар мен соларға байланысты жеңілдіктерін сақтауды көздейтін заң актілерінің жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізсін; 
2) әскери атақтар сақталатын мемлекеттік органдардағы, 
әскерлердегі және әскери құрамалардағы лауазымдар мен соларға сәйкес 
шекті атақтар тізбесін қайта қарасын;
     3) Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын шығарылған 
актілерін осы өкімге сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;
     4) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
     5) осы өкімнен туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
     
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.)