1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы. 1996 жылғы 26 қаңтар N 2825
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 11 және 15-баптарына сәйкес Қаулы Етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2825 Жарлығымен бекiтiлген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары туралы Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерi өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындаған жағдайда олардың еңбегiне ақы төлеу және материалдық ынталандыру шарттарын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн бiрiншi деңгейдегi банк ретiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiн бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақтауға және оларға тұрақтандыруға ықпал етуге, олардың адал және бастамашыл еңбегiн ынталандыруға, лауазымдық мiндеттерiн орындауы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайлармен қамтамасыз етуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасында (бюджетiнде) көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметада (бюджетте) көзделгендей толығымен алынбаған кiрiстерi жалақылардың, сыйақылардың, үстемақылар мен қосымша төлемдердiң мөлшерiн кемiту үшiн негiз бола алмайды.
Еңбекке ақы төлеу принциптерi
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу құрылымдық бөлiмшелер атқаратын қызметтiк мiндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмдерi негiзiнде мерзiмдiк-сыйақы немесе келiсiмдi сыйақы жүйелерi бойынша жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу лауазымдық жалақылардан, жеке жалақылардан, сыйақылардан, дербес үстемақылардан, еңбек сiңiрген жылдары үшiн ерекше жұмыс режимi үшiн үстемақылардан және үстемақылар мен қосымша төлемдердiң басқа да түрлерiнен тұрады.
3. Төрағаның лауазымдық жалақысын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейдi.
4. Ұлттық Банк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен лауазымдық жалақылар негiзiнде белгiленедi. Лауазымдық жалақылардың мөлшерi республикалық бюджет бекiтiлген кезде белгiленген есептi көрсеткiштерге сәйкес реттелiп отырады.
5. Ұлттық Банк қызметкерлерiне ерекше жұмыс режимi үшiн лауазымдық жалақыға үстемеақылар белгiленедi, оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
6. Ұлттық Банк қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемақылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiтетiн тәртiппен лауазымдық жалақының, дербес үстемақы мен ерекше жұмыс режимi үшiн үстемеақының жиынтық мөлшерiне процент есебiмен ай сайын төленедi.
7. Еңбекке ақы төлеу шарттарында қызметкерлерге ай сайын сыйлық беру, жыл қорытындысы бойынша сыйлық беру, сондай-ақ бiржолғы сыйлық беру көзделедi. Сыйлықтың мөлшерi мен оны берудiң принциптерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейдi.
8. Жоғары кәсiби бiлiктiлiгi бар және аса маңызды функциялар атқаратын жекелеген қызметкерлерге Ұлттық Банктiң Төрағасы жеке лауазымдық жалақылар немесе лауазымдық жалақыларына дербес үстемақылар белгiлейдi.
9. Ұлттық Банк қызметкерлерiне уақытша болмаған қызметкерлердiң мiндеттерiн атқарғаны, лауазымдарды қоса атқарғаны үшiн қосымша төлемдер және еңбек туралы заңдарда көзделген қосымша төлемдер мен төлемдердiң басқа да түрлерi қолданылады.
10. Ұлттық Банк қызметкерлерiне демалысқа шыққанда сауығуы үшiн лауазымдық екi жалақы мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
11. Ұлттық Банк Басқармасы белгiлеген лауазымдық жалақылар туралы Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына баяндалады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |