Toggle Dropdown
31
Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 140 Қаулысы.
Toggle Dropdown
Редакция 08.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 140 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесі
Toggle Dropdown
1
1. Осы Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
қауіпті тамақ өнімдері - пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
Toggle Dropdown
қауіпті тамақ өнімдерін жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне ықпал жасау;
Toggle Dropdown
тамақ өнімдерін кәдеге жарату - мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу.
Toggle Dropdown
3. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларда, гигиеналық нормативтерде, сондай-ақ ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін;
Toggle Dropdown
2) сапасыздығының (бүлінген, бұзылған, ластанған) айқын белгілері бар;
Toggle Dropdown
3) тамақ өнімдерінің өндірілген жерін, қауіпсіздігін растайтын, өнімді дайындаушының (өнім берушінің) белгіленген тәртіппен ресімделген құжаттары жоқ;
Toggle Dropdown
4) қасиеттері тамақ өнімдерінің осы түрі мен атауына сәйкес келмейтін;
Toggle Dropdown
5) таңбалануы нормативтік және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін;
Toggle Dropdown
6) тамақ өнімдеріне белгіленуі тиіс жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе жарамдылық мерзімі өткен;
Toggle Dropdown
7) жалған тамақ өнімдері адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдері (бұдан әрі - қауіпті тамақ өнімдері) болып танылады.
Toggle Dropdown
4. Тамақ өнімдерінің қауіптілігі санитарлық-эпидемиологиялық немесе ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу арқылы мынадай жолдармен белгіленеді:
Toggle Dropdown
1) тамақ өнімдеріне ілеспе құжаттаманың нормативтік және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бағалау;
Toggle Dropdown
2) тамақ өнімдерінің сыртын, қаптамасы мен таңбалануының жай-күйін көзбен шолып тексеру;
Toggle Dropdown
3) зертханалық зерттеулер (санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық-санитарлық сараптама) жүргізу.
Toggle Dropdown
5. Егер жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша мемлекеттік орган белгілі бір талаптар мен технологияларды сақтай отырып, оны кәдеге жаратқаннан кейін тамақ өнімдерін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды берген жағдайда, мұндай тамақ өнімдері кәдеге жаратылуы тиіс.
Toggle Dropdown
6. Сараптама нәтижелері бойынша кәдеге жаратылуы тиіс тамақ өнімдері:
Toggle Dropdown
шикізат алу;
Toggle Dropdown
зарарсыздандыру (біршама пісіру, стерильдеу, мұздату, тұздау, қайнату және т.б.);
Toggle Dropdown
өнеркәсіптік қайта өңдеу (пісірілген шұжық батоны ішінде кемінде 75 о С дейінгі температурада, ет нандарын, консервілерді дайындау, майды және басқаларды қуыру);
Toggle Dropdown
мал азықтарын алу;
Toggle Dropdown
техникалық кәдеге жарату (етті сүйектен, балықтан ұн жасау) мақсатында технологиялық өңдеуге жіберіледі.
Toggle Dropdown
1
7. Қауіпті тамақ өнімдерін малға азық ретінде оны кәдеге жаратқаннан кейін пайдалану мүмкіндігі туралы шешімді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісім бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Қауіпті тамақ өнімдерін өндіруге немесе оның айналымына тыйым салу туралы шешімді өз құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпті өнімді анықтаған мемлекеттік орган қабылдайды.
Toggle Dropdown
Қауіпті тамақ өнімдерін өндіруші, сатушы (бұдан әрі - иесі) кәдеге жарату немесе жою үшін өз бетінше немесе мемлекеттік органдардың нұсқамасы негізінде оны өндіруден немесе айналымнан шығарады.
Toggle Dropdown
9. Өндірілген жері белгісіз немесе иесі жоқ, сапасыздығының айқын белгілері бар, адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға тікелей қатер төндіретін қауіпті тамақ өнімдерін иесі сараптама жүргізбестен өз бетінше немесе мемлекеттік органдар айналымнан шығарады.
Toggle Dropdown
10. Қауіпті тамақ өнімдері сараптама жүргізу, оны бұдан әрі кәдеге жарату немесе жою туралы шешім қабылдау және оны орындау үшін қажетті кезеңде арнайы бөлінген қойма үй-жайларында, қажет болған жағдайда оған қол жеткізуді болдырмайтын шарттар сақтала отырып, иесінің тоңазытқышында (оқшауланған камерада) уақытша сақтауда болады. Уақытша сақтауға қойылған өнімдер қатаң есепке алынуға тиіс.
Toggle Dropdown
Қауіпті тамақ өнімдерін уақытша сақтаудың шекті мерзімі екі айдан аспайтын уақытқа белгіленеді.
Toggle Dropdown
11. Егер жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша мемлекеттік орган тамақ өнімдерінің нормативтік-құқықтық және нормативтік актілердің талаптарына сәйкессіздігі және олар қауіпті деп танылғандығы туралы қорытынды берген жағдайда, мұндай тамақ өнімі комиссиялық жойылуға тиіс.
Toggle Dropdown
1
12. Қауіпті тамақ өнімдерін жою үшін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарының жанынан құрамына қоршаған ортаны қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке кәсіпкерлік субъектілері қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдері енгізілген комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Toggle Dropdown
13. Сараптама нәтижелерін ескере отырып, комиссия сараптама қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жою тәсілі мен орнын көрсете отырып, қауіпті тамақ өнімдерін жою туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Комиссия шешім қабылдағанға дейін қауіпті тамақ өнімдері иесінің бастамасы бойынша және оның қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген (аттестатталған) зертханаларда қауіпті тамақ өнімдеріне қосымша зертханалық сараптама жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
14. Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тамақ өнімдері кедендік ресімдеу кезеңінде қауіпті деп танылса, мұндай тамақ өнімдері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарылуға тиіс немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды жоюдың кедендік режиміне қойылады.
Toggle Dropdown
Қауіпті тамақ өнімдерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығару фактісі оны әкету туралы кеден органының белгісі бар, белгіленген тәртіппен ресімделген жүкке арналған кеден декларациясымен расталады, ол қауіпті тамақ өнімдерін анықтаған мемлекеттік органға көрсетіледі.
Toggle Dropdown
15. Қауіпті тамақ өнімдерін жою орнына тасымалдау ішкі істер органдары қызметкерлерінің, тауар тауарларды жоюдың кедендік режиміне қойылған кезде - кеден органдары қызметкерлерінің бірге жүруімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Қауіпті тамақ өнімдерін тасымалдауға, оны сақтауға, кәдеге жаратуға және жоюға байланысты шығыстарды өнімнің иесі немесе тауарларды жоюдың кедендік режиміне өтініш білдірген тұлға көтереді.
Toggle Dropdown
17. Қауіпті тамақ өнімдерін жою техникалық қолжетімді тәсілмен (термиялық, химиялық, механикалық, биологиялық, өзге де әсер ету тәсілімен) қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамалардың міндетті талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады, оның нәтижесінде өнімдердің тұтынушылық қасиеттері толық жойылады немесе жоғалтылады.
Toggle Dropdown
18. Ауру тудыратын микроорганизмдердің қоздырғышын жұқтырған тамақ өнімдері жойылу алдында немесе жою процесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес зарарсыздандырылуға тиіс.
Toggle Dropdown
19. Радиациялық қауіп төндіретін тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көмілуі тиіс.
Toggle Dropdown
1
20. Қауіпті тамақ өнімдерін жоятын (көметін) жерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоршаған ортаны қорғау органдарымен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
Toggle Dropdown
21. Қауіпті тамақ өнімдерін жоюды комиссия мушелерінің міндетті түрде қатысумен иесі жүргізеді және ол осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.
Toggle Dropdown
22. Қауіпті тамақ өнімдерін жою туралы комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Toggle Dropdown
23. Иесі уақытша сақтауда тұрған қауіпті тамақ өнімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен одан әрі кәдеге жаратылуына немесе жойылуына жауапты болады.
Toggle Dropdown
Ережеге қосымша
Toggle Dropdown
Қауіпті тамақ өнімдерін жою туралы
АКТ
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
құрамдағы комиссия өнімдерді жойды
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қауіпті тамақ өнімінің атауы, мөлшері)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(жою тәсілі)
Toggle Dropdown
Негіздеме___________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өнімдерді жарамсыз деп тануға негіз болған құжатты (нөмірін)
Toggle Dropdown
көрсету керек)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің
Toggle Dropdown
қолы ___________________________
Toggle Dropdown
200__ жылғы "___"_____________
Toggle Dropdown
Иесінің қолы ___________________________
Toggle Dropdown
200__ жылғы "___"_____________