N | Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ауруларды Х-шы қайта қарауына байланысты аурулардың халықаралық жіктелуіне сай аурулардың атауы (бұдан әрі АХЖ 10:) | Кәсіптік ауруларды тудыруға әсері бар қауіпті зиянды заттар мен өндірістік факторлар | Өндірістің атқарылатын жұмыстардың шамамен тізімі |
1. Химиялық факторлардың әсерінен пайда болған аурулар |
1) | Органдардың зақымдануы мен жүйелердің оқшауланған немесе бірлескен түрде өтетін жіті улануы, созылмалы уыттануы (АХЖ 10:Т36-Т65) және олардың салдары (АХЖ 10:Т36-Т98). | Химиялық заттар: бастапқы шикізат, арадағы, қосалқы және ақырғы өнімдер. | Өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, көліктің, қызмет көрсетудің, әртүрлі салаларында улы әсері бар химиялық заттарды қолдану (зертханалық жұмыстарды қосып есептегенде), қайта өңдеу, алу процестерімен байланысты жұмыстың барлық түрлері |
| Тыныс алу органдарының ринофаринголарингиттің, эрозияның, мұрын уысындағы аралықты тесудің, кеңірдектің қабынуының, бронхтың қабынуының, пневмосклероз және басқаларының уытты зақымдануы. (АХЖ 10:J68-J68.9). | Азот қышқылы, аммиак, азот тотықтары, изоцианаттар, кремний-органикалық қосындылар, селен, күкірт және олардың қоспалары, формальдегид, фталды ангидрид, фтор және олардың қосындылары, хлор және олардың қосындылары, хром және олардың қосындылары және басқалары. | |
| Уытты анемия (АХЖ 10:L64/8) | Ароматты қатардағы аминді-, нитро- және хлорқосындылары, бензол және олардың туындылары, бензол гомологтары, гекса- метилендиамин, (хлорлыорганикалық) пестицидтер, қорғасын және олардың неорганикалық қосындылары. | |
| Ас қорыту органдарының уытты зақымдануы: бауыр мен өтті қуықтың уытты зақымдануы (АХЖ 10:К,71, К71.0-К71.5, К82.8-К82.9, К83.8); гастрит, дуаденит, асқазандағы, ұлтабардағы эрозиялы ойықжарамен зақымдалынуы, тоқ ішектің қабынуы (АХЖ 10:К20, К22.8 К25, К29.9; К52.1, К87.0) | Ароматты қатардағы аминді- және нитро- қосындылар, бензол және олардың туындылары (стирол), майлы қатардағы көмірсутегі галоидты туындылар, гидразин және олардың қосындылары, пестицидтер (хлорлыорганикалық), фосфор және оның қосындылары, фтор және оның қосындылары. | |
| Уытты бүйрек дерті (АХЖ 10:N28.9, 28.8) | Бета-нафтол, кадмий, төртхлорлы көміртек | |
| Нерв жүйесінің уытты зақымдануы: көптеген жүйке дерттері (АХЖ 10:G62.2), неврозға ұқсас жағдай (АХЖ 10:G90.9), энцефалопатия (АХЖ 10:G92) | Ароматты қатардағы аминді-, нитро- және хлорқосындылары, гексаметилендиамин, бензол және олардың туындылары (бензол гомологтары, стирол), майлы қатардағы көмірсутек галотуындылары, гидразин және оның қосындылары, марганец, пестицидтер, сынап және оның қосындылары, күкірт- көміртек, тетраэтил- қорғасын және басқалары, фтор және оның қосындысы, фосфор және оның қосындысы, қорғасын және оның қосындысы. | |
| Көздің уытты зақымдануы: катаракта (АХЖ 10:Н26.8-Н26.9); Конъюктивит, кератоконъюктивит (АХЖ 10:Н10.8-Н10.9, Н16.2) | Тринитротолуол, азот қышқылы, аммиак, азот тотығы, изоцианаттар, күкірт және оның қосындылары, формальдегид, фтор және оның қосындылары, хлор және оның қосындылары. | |
| Сүйектердің уытты зақымдануы: остеопороз түрінде (АХЖ 10:М82) | Сары фосфор және оның қосындылары, фтор және оның қосындылары | |
2) | Тері аурулары: эпидермоз (АХЖ 10:L18.1), жанасу арқылы пайда болған дерматит (АХЖ 10: L23, L24, L25), фотодерматит (АХЖ 10: L56), тырнақ аурулары (АХЖ 10: L60.8), паранихиялар (АХЖ 10: L60.8), уытты меланодермия (АХЖ 10:Т53), майлы фоликулиттар (АХЖ 10: L73.8) | Мұнайды, тас көмір мен тақтатастарды тасымалдағандағы өнімдер (бензин, керосин, жағатын майлар, крезол, лизол, гудрон, мазут, асфальт, пек және оның дистилляттары), хлорланған нафталиндер, қышқылдар, сілтілер, органикалық ерітінділер, гидросульфат, хлорлы әк, ауыр металдардың тұздары, күшәннің, сүрменің, формалиннің, желімнің қосындысы | Химиялық, мұнай өңдеу, машина құрылысы, металлургиялық, ағаш өңдейтін, тері-шикізаты, терівенерология, тағам өнеркәсіптік, мұнай құятын кемелерді тазалау; құрылыс, жиһаз өндірісі, шахта құрылысшылары. |
| Кәсіптік витилиго (АХЖ 10: L80) | Паратретбутилфенол Төменгі параалкил және параалкоксифенолы, 4-алпикатихиндер. | Шайырлар, лактар, эмальдар алу үшін паратретбутилфнолды өндіру және қолдану. Майлар мен отындарға құрамында фенолы бар сіңіргіштерді өндіру. |
3) | Темір қызбасы (АХЖ 10:Т56), фторопласты (тефлонды) қызба (АХЖ 10:Т65.8) | Түсті металдар конденсацияларының аэрозольдары (мырыш, мыс, никель, сүрме және басқалары), қайта полимерленген аэрозольдар (фторопластар). | Түрлі-түсті металлургия, пластикалық массалар өндірісі (фторопластар) және оларды өңдеу, түсті металдан жасалған материалдарды өңдеу |
2. Өнеркәсіптік аэрозольдардың әсерінен пайда болатын аурулар |
1) | Пневмокониоздар: карбокониоздар (АХЖ 10:J60); асбестоз (АХЖ 10:J61); силикоз, талькоз (АХЖ 10:J62); алюминоз (АХЖ 10:J63.0), боксты фиброз (жеңіл) (АХЖ 10: J63.1), бериллиоз (АХЖ 10:J63.2), графитті фиброз (АХЖ 10:J63.3), сидероз (АХЖ 10:J63.4), станиоз (АХЖ 10:J63.5), ажарлаушылар немесе тегістеушілер | Құрамында кремний диоксиді бар бос және байланған жағдайда шаңды, кенді, рентген сәулесін ұстайтын, көміртекті шаңды жұту, (көмір, кокс, күйе, графит және басқалары); металдың шаңдары және олардың тотықтары, соның ішінде қатты және ауыр қорытпалар, пісіретін аэрозоль; органикалық және жасанды минералды талшық, пластмасса және соның ішінде жұтатын аэрозольды микрофлорамен көбеюінің шаңдары | Кен орындарында, шахталарда, ашық карьерлерде, байытатын және аяқталатын таукен орындары, көмір кәсіпорындары фабрикаларындағы жұмыс; кенге жатпайтын жыныстар мен материалдарды, талшықтасты және басқада силикатты, ұсақтасты өндіру мен қайта өңдеу; талшықтас цементті, құрамында талшықтас бар материалдарды (құбырлар, шифер, панельдер, тақтайлар, фрикционды, талшықтас тоқыма өнімдері) өндіру; Фарфорлыфаянсты бұйымдарды, әйнекті өндіру; Оттөзімділер мен жемірлерді өндіру және қолдану; Кокс, күйе, графиттерді өндіру, қолдану; металлургиялық және құю өндірісі; машина құрылысы; металды өңдеу, пісіру жұмыстары |
2) | Биссиониоз (АХЖ 10:J66.0) | Әртүрлі өсімдіктердің шаңын ұзақ уақыт жұту (мақта, зығыр, джут). | Тоқыма өндірісінде мақтаны, зығырды, джутты қайта өңдеу. |
3) | Кәсіптік бронхит (шаңды, уытты-шаңды): шаңды необструктивті бронхит (АХЖ 10: J41.0); Шаңды обструктивті бронхит (АХЖ 10: J44.8); Уытты-шаңды необструктивтік бронхит (АХЖ 10: J68.0); Уытты-шаңды обструктивтік бронхит (АХЖ 10: J68.0) | Жоғарыда көрсетілген шаңның барлық түрлерін, сонымен қатар өсімдіктен және жануардан шығатын органикалық шаңның барлық түрін (ұннан, дәннен, қылдан істелген, жүннен, темекіден, қағаздан, қанттан және басқалардан) жұту. Бір уақытта шаңның және химиялық факторлардың әсер етуі (түршіктіретін заттар, өзі жүретін таулы машиналардағы шығаратын газдың құрамы), соның ішінде қолайсыз микроклиматтық жағдайларға сай атылатын газдар. | 4-ші бағандағы 2-ші пункттің ішіндегі көрсетілген жұмыстар, сонымен қатар өндіріс: киізбасу, ұнжарма өндірісі, қантты, фармацевтикалық, жүнді, мақтаны, зығырды және басқада қабықты дақылдарды алғашқы өңдеуден өткізу, сонымен қатар шаңбөлумен байланысы бар басқада жұмыстар. |
4) | Пневмомикоздар (микотоксикоздар (АХЖ 10:В44.8, В48.8), актиномикоздар (АХЖ 10:А42.0) | Жерасты қойнауларындағы шахта суында көбейетін грибокты флорамен, жабдықтармен, өсімдіктен және жануардан шығатын органикалық шаңмен (ұнды, дәнді, жүнді, темекілі) жанасу | Кен орындары мен шахталардағы жұмыстар, шаң бөлумен атқарылатын басқада жұмыстың түрлері. |
5) | Жоғарғы тыныс жолдарындағы толық дистрофиялық аурулар (созылмалы субатрофикалық және гипертрофикалық ринофарингит) (АХЖ 10:J31.0-J32.9) | 3-ші бағанның, 2-ші пунктінің ішінде көрсетілгендей шаңды жұту. | 4-ші бағанның, 2-ші пунктінің ішінде көрсетілгендей жұмыстар. |
3. Физикалық факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар |
1) | Ионды сәуленің әсеріне байланысы бар аурулар (АХЖ 10:W88): Сәуле көзінен ауырған ауру (жедел немесе созылмалы) (АХЖ 10:W88, W90) | Біржолғы, қысқа уақытта жалпы әсер ететін сыртқы иондаушы сәуле көзі немесе біршама радиоактивтік заттардың және олардың қосындыларының организмнің ішіне енуі. Иондаушы радиацияның жүйелі түрде кәсіптік сәуле соққысының рұқсат етілген деңгейінен артық дозада әсер етуі. | Радиоактивтік заттармен және иондаушы сәуле көздерімен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлері. |
| Жергілікті сәулемен зақымдану (жіті немесе созылмалы) (АХЖ 10: W88, W90) | Радиоактивті заттардың, сәуле көзінің сырттай жергілікті әсері | |
2) | Иондамайтын сәуле көзінің әсеріне байланысты аурулар: вегетативті тамырлы дистония, әлсіздік, әлсізвегетативтік, гипотоломиялық синдромдар (АХЖ 10: W90) | Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзінің жүйелі әсер етуі; когерентті біртүсті сәуле шығару. | Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзімен атқарылатын жұмыстардың барлық түрлері; оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері |
3) | Лазерлі сәуле көзінің тіндерді жергілікті зақымдауы (тері күйіктері (АХЖ 10:L59), көздің мөлдір қабатының зақымдануы (АХЖ 10:Н18.8), көздің тор қабығы (АХЖ 10:Н35.8) | Лазерлі сәуле көзінің жергілікті әсер етуі. | Оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері. |
4) | Діріл ауруы (АХЖ 10:Т75.2) | Ұзақ уақыт өндірістік жергілікті дірілдің жұмысшының қолына берілу арқылы әсері және жұмыс орынындағы жалпы дірілдің жүйелі әсер етуі | Дірілді тудыратын қол машиналарымен атқарылатын жұмыс және дірілді тудыратын машиналардағы жұмыс орындары. |
5) | Нейросенсорлы құлақ мүкістігі (АХЖ 10:Н90.3; Н90.6) | Өндірістік шудың жүйелі түрде әсер етуі. | Өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, көлікте, байланыста қарқынды өндірістік шудың әсеріне байланысты атқарылатын жұмыстың барлық түрлері. |
6) | Қолдың вегетативті-сенсорлы (ангионевроз) полиневропатиясы (АХЖ 10: G62.8) | Ультрадыбыстың қолға жанасу арқылы берілуі | Ультрадыбысты дефектоскоптар және медициналық аппаратармен атқарылатын жұмыс |
7) | Электроофтальмия (МКБ 10: Н57.8) | Қарқынды түрде ультракүлгін сәуле бөлу | Қарқынды түрде ультракүлгін сәулесін бөлу жағдайында газбен және электрмен пісіруге байланысты жұмыстар |
8) | Катаракта (АХЖ 10: Н 26.8) | Сәулелі энергияның жүйелі түрде әсер етуі (инфра-қызыл, ультракүлгін сәуле бөлу, шамадан тыс жоғары жиіліктегі сәуле бөлу, рентген, гамма сәулесі, нейтрондық, протондық сәуле көздері) | Пресстеу ұстасы, электрмен пісіру және жылумен атқарылатын жұмыстар, әйнектен жасалатын бұйымдар өндірісі, иондайтын және иондамайтын сәуле көздерінің әсері бар металлургиядағы инфрақызыл сәуле көзімен байланысты жұмыстар |
9) | Декомпрессиялық (кессондық) аурулар және оның салдарлары (АХЖ 10: Т 70.3) | Жоғарғы атмосфералық қысым, декомпрессиялық үрдістер | Кессонда, барокамерада атқарылатын жұмыстар, су астына сүңгу және басқа жоғарғы атмосфералық қысым жағдайындағы жұмыстар. |
10) | Қызып кетуі: ыстыққа ұрынудан болатын сіреспе (АХЖ 10: Т67.0; G 40.5; G 40.6) | Жұмысшы аумағындағы жоғарғы температура және қарқынды жылу бөлу жағдайы | Терең шахталарда, мартен, темірқаңылтыр, құбыр шығаратын цехтардағы жұмыс; өнеркәсіптік пештерді жөндеу, қазандықты, оттықты тазарту; әйнекті қайнату, басқа да жоғарғы температурада атқарылатын жұмыстар. |
11) | Тарылтылған эндартериит (АХЖ 10:І73,9), вегатитивті-сенсорлы полиневропатия (ангионевроз) (АХЖ 10:G62.8) | Жұмыс аумағындағы температураның төмендеуі | Балық өндіруші комбинаттардағы балық аулау кемесіндегі жұмыстар; мұздатқыштағы жұмыстар; геологиялық жұмыстар; ағаш дайындау жұмыстар; ылғалды; батпақты жерлердегі жұмыстар; тор өндіруші, таукен өндірісі, сулы және мәңгі тоң аумағында жұмыстар; шахта әдісімен мұнай өндіру және төменгі температурада жұмыс істеудің басқа түрлері |
12) | Ониходистрофли (АХЖ 10:L60.3), механикалық эпидермоздар (сүйел және т.б.) (АХЖ 10:L60.3) | Теріні майдан тазалау, температуралық және метеорологиялық факторлар. | Тері және үлдір өңдеу өндірісі, ауыл шаруашылық жұмыстары (даладағы), кемедегі және жағалаудағы орналасқан өндірістердегі балық өңдеу жұмыстары |
4. Адам ағзаларының және жүйелерінің күш түскенде және күрделігі артқанда пайда болатын аурулар |
1) | Кординаторлық невроздар, оның ішінде қаламсап ұстағанда пайда болатын саусақ тартылысы (АХЖ 10:F48.8) | Тез орындалып, жоғарғы дәлділікті талап ететін жұмыстар | Музыкалық құрал-саймандар мен клавишті аппараттардағы жұмыс; стенография, қолмен жазу, машинамен басу, сызба жұмыстары, граверлік және көшірме жұмыстары |
2) | Шеткері орналасқан нерв жүйесінің аурулары: Моно және полиневро-патиялар, оның ішінде қолдың езілуден пайда болған және вегето-сенсорлық невропатиялары (АХЖ 10:G56, G57, G58.8 G62.8) | Иық белдеуіне, қол қозғалуы көп қайталанатын, жүйке діңгегіне қысым көрсетіп, микро жарақат беріп, денені суытып, статикалық-динамикалық жүктеме беретін жұмыстар | Тегістейтін, формалайтын, сылақ, сылау жұмыстар; тігу, аяқ киім өндірісіндегі жұмыстар, малдарды қолмен сауу. Тау кен, металлургия, мұнай және химия өндірісінің жұмыскерлері |
| Мойын-иық, бел-құйымшақ шойырлары (АХЖ 10:М54.1) | Дененің еңкеюімен байланысты жұмыстар, жұмыс кезінде мәжбүрлі жағдайда болу (алға қарай еңкею, созылып тұру, аяқты бүгіп отыру, жату т.б.) сондай-ақ боршалардың ширығуын талап ететін жұмыстар. Жалпы діріл мен соққының әсеріне ұшырататын жұмыстар. | Кен өндірісіндегі кеңістік жасау жұмыстары, тазалау забойларындағы, оның ішінде микроклиматы қолайсыз, ылғалды болғанда, дененің мәжбүрлі жағдайында түрлі ауырлықтарды тасу, көтеру арқылы жүргізілетін тіреу жұмыстары. Шахта ішіндегі көліктің жүргізушілері: жер астындағы қондырғылардың машинисі (басқарушы), жер астындағы үлкен жүк машиналарының жүргізушісі |
| Мойын және белқұйымшақ деңгейіндегі құйма аурулар (АХЖ 10:М50.0, М51.0, М51.1, М50.1 | Дененің еңкеюімен байланысты жұмыстар, жұмыс кезінде мәжбүрлі жағдайда болу (алға қарай еңкею, созылып тұру, аяқты бүгіп отыру, жату т.б.) сондай-ақ боршалардың ширығуын талап ететін жұмыстар. Микро және макро жарақат беретін жұмыстар. | 4 бағанның 2 бөлігінде көрсетілген жұмыстар, мойын-иық, бел-құйымшақ деңгейіндегі құйма аурулар (АХЖ 10: М54.1), 4 графадағы вальцовщиктер, ұста, шегеру, кесу, құрылыс жұмыстары. Үлкен жүк машиналарының, ауыл-шаруашылық жүргізушілері. Цирктегі және тиеп түсіру жұмыстары. |
3) | Тіреу және қимылдау аппараттарының аурулары: Қардың және иық белдеуінің созылмалы миофо-бриоздары, миофасциптер, фибриомифасциттер, вегетомиофасциттер (АХЖ 10:М62.8); тендовагиниттер (АХЖ 10:М65.8). | Жергілікті және аумақтық боршалардың қатысуымен істелінетін жұмыстар, бір түрлі қимылдар жасау арқылы атқарылатын жұмыстар, жылдам орындалатын жұмыстар, жүйке діңгектеріне, боршаға, байланыс тарамыстарына, сіңірге қысым түсіретін жұмыстар, олардың жарақаттануы, жүкті көтеру, қолда ұстау, қолмен немесе күш жұмсау арқылы жүктің орнын ауыстыру | Музыкалық құрал-саймандар мен клавишті аппараттардағы жұмыс; стенография, қолмен жазу, машинамен басу, сызба жұмыстары, граверлік және көшірме жұмыстары |
| Тарылмалы лигаментоздар, стилоидоздар (шынтақтық, иықтық), эпикондилоздар (АХЖ 10:М77.0) | Сіңірге тұрақты түрде қысым түсіретін жұмыстар, шынтақ тұсында көп бүгуді талап етіп, бұрауды талап ететін жұмыстар, қол саусақтарын айналдыра қимылдатуды талап ететін жұмыстар. | Штамптайтын, сүйрететін, сылайтын, байлап танатын, сырлау жұмыстары, аяқ киімді пішетін, оған керекті материалдарды кесетін жұмыстар |
| Периартроздар (иық-жауырын, шынтақ, тізе), атқаратын қызметінің бұзылуымен білінетін пошымын өзгертетін остеоартроздар (жоғарыдағыдай); бурситтер, асептикалық остеоникроздар (АХЖ 10:М19.8) | Үлкен амплитуда арқылы айналдыра жүргізілетін жұмыстар, тиісті буындарға тұрақты түрде қысым беретін, жарақатайтын жұмыстар, тізерлеп немесе аяқты бүгіп отырып істейтін әртүрлі жұмыстар | Кен өндірісіндегі кеңістік жасау жұмыстары, бұрғылау, шатыр жабу жұмыстары, паркет дайындау, граниттен жасалатын материалдарды жасау |
4) | Шатырдың төмен түсуі және қынап қабырғасының сыртқа шығуы (АХЖ 10:N81) | 40 жасқа дейінгі әйелдердің босанар кезінде бұт жарақаты орын алмай, діріл әсер етіп немесе әсер етпеген жағдайда да ұзақ жылдар (10 жыл) бойы тұрақты түрде (ауысым уақытының 50 пайызынан көп болса) мәжбүрлі күйде ауыр заттарды жылжыту, көтеру. | Жүктерді қолмен немесе күш жұмсау арқылы орыннан жылжыту жұмыстары. |
5) | Қабынған (тромбофлебит) немесе жылан көзбен ұштасқан аяқ көк тамырларының айтарлықтай кеңуі (АХЖ 10:183.0.-183.2) | Ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі күйде жұмыс істеу | Ұзақ уақыт бойы түрегеп тұрып, ауыр заттарды тұрақты түрде тасу және тау кен орындарында (кен өндірісіндегі кеңістік жасау, бұрғылау, тіреу жұмыстары) жұмыс істеу, әсіресе еңістігі айтарлықтай кен орнында жұмыс істегені |
6) | Дыбыс шығаратын аппараттың шамадан тыс деңгейіне жұмыс істеуінен пайда болатын аурулар: созылмалы ларингиттер, дыбыс қалақшаларындағы түйін (*әншілер түйіні) (АХЖ 10:J38.2), дыбыс қалақшаларының жанасқан жеріндегі ойық жара (АХЖ 10: J38.7), (АХЖ 10: J37) | Дыбыс шығаратын аппараттың шамадан тыс деңгейде атқаратын жұмысы орын алғанда | Оқытушы жұмысы, радиодағы, теледидардағы дикторлардың жұмысы, актерлардың вокальді сөйлесу кезіндегі жұмыстары, телефон стансаларындағы жұмыс |
7) | Әрі қарай өсе беретін жақыннан көз көрмеушілік (АХЖ 10:Н52.1) | Кішкентай заттарды жақыннан ажырату үшін көру үдерісін жідететін жұмыстар | Картографиялау, электронды есептеу машиналарында жұмыс жүргізу, қымбат тастарға өңдеу жүргізіп, бет салу, оның сапасын тексеру жұмыстары, сағат жинау, корректорлық жұмыстар, оптикалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу |
8) | Невроздар (АХЖ 10:F40 - F48) | Есі дұрыс емес балалармен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу. | Есі дұрыс емес ауруларды емдейтін мекемелердегі медициналық қызметкерлердің жұмысы, оның ішінде есі дұрыс емес балаларға арналған арнайы мектептердегі қызметкерлер, мұғалімдер. |
5. Биологиялық факторлардың әсерінен болатын аурулар. |
1) | Қызметкерлер жұмыс кезінде жанасып, байланыста болатын жұқпалы және паразитарлы аурулар: туберкулез (АХЖ 10:А15-А19), сарып (АХЖ 10:А23), сап (АХЖ 10:А24), күйдіргі (АХЖ 10:А22), кене энцефалиті (АХЖ 10:А84), орнитоз, сиыр сауушылардың түйіндері, токсоплазмоз (АХЖ 10:В58), вирустық гепатит (АХЖ 10:В15-В19), тері микоздары (АХЖ 10:В35-В37; В48), Розенбах эризиппелоиды (АХЖ 10:А26), қышыма (АХЖ 10:В86), сифилис (АХЖ 10:А65) және тағы басқалары (АХЖ 10:А94) | Жұқпалы аурулармен немесе жұқпамен жанасқан материалдармен немесе ауруды тасымалдаушылармен, ауру малдармен, олардан шыққан өнімдермен (тері, жүн, қылшық, ат құйрығы, еті, тері және үлдір үшін керекті шикізаттар, екінші рет өңдеуді талап ететін заттар, астық, мақта және т.б.) байланыста болған; кеміргіштермен жанасқанда, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар беттермен жанасқанда. | Жұқпалы аурулармен, туберкулезбен, тері-венерология ауруларымен күресетін диспансерлерде, туберкулезбен күресетін дәрігерлік учаскелерде, туберкулезбен ауыратындар жұмыс істейтін емдеу - еңбек ету мастерскойларында, мал шаруашылықтарында, мал дәрігерлік қызметінде, ет комбинаттарында, кондитерлік, консерві жасайтын фабрикаларда, зауыттарда, тері және үлдір жасауға керекті шикізаттарды өңдеуге аң шаруашылығы, кемедегі және жағалаудағы балық өндіретін шаруашылықта, орман шаруашылығында жасалынатын барлық жұмыстарға. |
2) | Теріні ашық жерлеріндегі микоздар (АХЖ 10:В35-В49) | Шахта суы бар және жерастынан өндіретін құрал-жабдықтардың өңезді флораларымен жанасқанда | Кен өндіретін шахталардағы жұмыстар |
3) | Дисбактериоз, терінің және шырышты қабақтың кандидомикоздар, ішкі органдардың кандидоздары (АХЖ 10:В37) | Антибиотиктер, өңез-продуценттері, ақуыз витамин қоспалары, малы азығының ашытқылары, құрамдас жемдер. | Микробиологиялық өндірістің әртүрлі салаларындағы жұмыстар; медициналық өндірістегі, медициналық практикада, дәріханаларда, сондай-ақ 3 бағанның 5 бабының 3) бағаншасында көрсетілген өндіру жұмыстары. |
6. Аллергиялық аурулар |
1) | Көз алмасының қабынуы, (АХЖ 10:Н10.1-Н10.3), ауыз қуысының қабынуы ринофарингиттер (МКБ 10:J30;J30.3) | Жанасқанда сезімталдылық білдіретін заттар мен қосындылар | әртүрлі өндірістік салалардағы аллергендермен байланысты жұмыстар (химиялық, химиялық-фармацевтік құрылыс, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі, металлургия, таукен, мұнай және химиялық өндірістерде, резеңке-техникал ық өндірісінде, жасанды жуғыш заттар өндірісінде, машина жасау, тоқыма, қыл-шөтке жасайтын өнеркәсіптерде, үлдір өндіретін кәсіпорындарда, құрамдас жемдерді өндіретін жерлерде, ақ уыз витамин қоспалары шығаратын өндірістерде және т.б.); ауыл шаруашылығында (құс фабрикаларында, фермаларда, пестицидтермен жұмыс істегенде); көлікте; тұрмыстық өнеркәсіп орындарында жұмыс істегенде (химиялық жолмен тазалау, шаштараздар, кір жуатын орындар); медициналық және дәріханалық мекемелердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының институттардың, вивариялардың зертханалары. |
2) | Бронх астмасы, астмадан болатын бронхит (АХЖ 10: J45.0), бронх астмасының белгілерімен білінетін дәрілік аллергия (АХЖ 10: J70.2, Т88.7), экзогенді альвеолит (АХЖ 10: J67) | | |
3) | Эпидермоз, дерматит, экзема, токсикодермия, (АЖХ 10:L23;L24; L25; L27.0; L27.1) | | |
4) | Квинке ісігі (АХЖ 10:Т78,3), бөртпе (АХЖ 10:L50), анафилактикалық шок (АХЖ 10:Т78.2) | | |
5) | Токсикологиялық аллергиялық гепатит (АХЖ 10:К 71) | | |
6) | әртүрлі эритемалар (АХЖ 10:L51) | | |
7. Ісіктер |
1) | Тері ісіктері (гиперкератоздар, эпителиомалар, папилломалар, обыр, лейкокератоздар) (АХЖ 10:С43 - С44) | Тас көмірді, мұнайды, сланецті (шайырды, қатпаны, антраценді, фенантренді, аминоантрацинді майды, өндірістік азоқосындыларды, гудронды, парафинді және т.б.), иондағыш сәуле көздерінің әсерін (рентген, гамма сәуле көздері және басқалары), күшән. | Өндірістің әртүрлі салаларындағы 3 бағанда кездесетін заттардың әсеріне байланысты атқарылатын жұмыстардың барлық түрі; радиоактивті заттармен, басқа да иондағыш сәуле көздерімен жұмыс істегенде; күшәнмен жұмыс істегенде. |
2) | Ауыз қуысының және дем алу мүшелерінің ісіктері (АХЖ 10:С04-С06, С30,0-С34.9, С38.4, С39) | Никель, хром, күшән, таскөмір шайырлардың қосындылары; асбест, асфальт, радиобелсенді кендерді және көмір сутегі, көмір пластиктер, кадмий және оның қосындылары сіңірілген шаңдар. | Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы никель, күшән, хром қосындыларын алуға арналған жұмыстар; радиоактивті кенді барлау, өндіру және өңдеу жұмыстары; асбест және құрамында асбестер, заттарды өндіргенде, резеңке-техникалық өндіріс, кадмий өндірісі, жасанды гранат алатын және одан шығатын бұйымдарды өңдейтін жұмыстар, жиһаз жасау және ағаш өңдеу өнеркәсібі. |
3) | Бауыр ісіктері (АХЖ 10:С22) | Винил-хлорид, бауыр тініне әсер ететін (полоний, торий, плутоний) радиобелсенді заттармен ұзақ түрде жанасып, байланыста болу, берил және оның қосындылары | Винилхлоридпен, берилиймен және оның қосындыларымен жұмыс істеу; радиобелсенді химиялық өнеркәсіпте жұмыс істеу. |
4) | Асқазан ісіктері (АХЖ 10:С16) | 6 валентті хром қосындылары, құрамында асбест бар шаң, никель, көмірсутектері, шаңға сіңірілген бензпирен, күйе. | Хром қосындыларын, асбест және құрамында асбест бар бұйымдар, никель алғанда, никельге көмір сутегі шаңы сіңірілгенде онымен жанасып, байланыста болу, резеңке-техникалық өндіріс. |
5) | Лейкоздар (АХЖ 10:С91-С95) | Бензол, әртүрлі иондағыш радиациялық сәуле көздерінің әсері. | Бензолмен және иондағыш сәуле көздерімен жұмыс істегенде. |
6) | Қуық ісіктері (папилломалар, обырлар) (АХЖ 10:С67) | Бензол және нафталин қатарындағы аминдер (бензидин, дианизидин, нафтиламин). | өнеркәсіптің әртүрлі салаларында осы заттармен жұмыс істеу. |
7) | Сүйек ісіктері (АХЖ 10:С40-С41) | Сүйекті босаңсытатын радиобелсенді (радий, стронций, плутоний) заттармен ұзақ уақыт бойы жанасуда болуы. | Радиобелсенді химиялық өндірістерде, радиологиялық және радиохимиялық зертханаларда жұмыс істеу |
8) | Бүйрек ісіктері (АХЖ 10:С64) | Кадмий және оның қосындылары | Кадмий және оның қосындыларымен жұмыс істеу. |