• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 28.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Астана қаласында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" (бұдан әрi - Мұражай) мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Мұражайдың Жарғысы бекiтiлсiн.
3. Мұражайдың штат саны 40 адам болып белгiленсiн.
4. Мұражай құрамында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке мұрағаты айқындалсын.
5. Мұражай директорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Yкiметі: 
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 қаңтардағы N 67  қаулысымен  құрылған "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесiн, оның мүлкiн Мұражайға бере отырып, таратсын; 
2) бiр ай мерзiмде Мұражайдың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы Жарлықтан туындайтын басқа да шаралар қолдансын.
7. Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Мұражайдың 473000, Астана қаласы, Бейбiтшілiк көшесi, 11-үй мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының ғимаратында орналасуын қамтамасыз ететiн болсын.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2004 жылғы 28 тамыздағы
 N 1431 Жарлығымен
 Бекітілген
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiнiң Жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мұражай) заңды тұлғаның мәртебесiне ие, өз функцияларын мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. 
2. Мұражайдың мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгі болып табылады. 
3. Мұражай өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң актілерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. 
4. Мұражайдың толық атауы: 
мемлекеттік тiлде: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiнiң орыс тілiнде: "Государственное учреждение "Музей Первого Президента Республики Казахстан". 
5. Мұражайдың орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбiтшілiк көшесi, 11.
2. Мұражайдың заңды мәртебесi
6. Мұражай оны мемлекеттік тiркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады. 
7. Мұражайдың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоттары, өз атауымен мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылған бланкілерi, мөрлерi мен мөртаңбалары болады. 
8. Мұражай заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. 
9. Мұражай жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлейтiн тәртiппен тiркеуге жатады. 
Шарттық мiндеттемелер бойынша Мұражайдың жауапкершілігi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мекеменi ұстауға арналып бекiтiлген сметаның шегiнде болады.
3. Мұражай қызметiнiң мақсаты мен функциялары