• Мое избранное
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 878 Қаулысы

Редакция 04.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.12.2012 № 1540 Қаулысымен. (29.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 шілдедегі
 № 878 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
 іске асыру жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған
 іс-шаралар жоспары
 
Р/с
Атауы Өлшем бірлігі Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі Қаржыландыру
Болжанған шығыстар (млн. теңге)
2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл Барлығы
Сомасы Қаржыландыру көзі Сомасы Қаржыландыру көзі Сомасы Қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

Мақсаты: Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы
Міндеттер:
1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту
3. Мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру
1 Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытуға арналған стандарт-технологиясын, үлгілік оқу-әдістемелік кешенін, кілті бар тапсырмаларды әзірлеу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, БҒМ, ИЖТМ 2011 - 2013 ж.ж. 234,8 РБ 117* РБ 125* РБ 476,8*
2 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу
Заң жобасының тұжырымдамасын ҚР Үкіметі жанындағы ВАК-ға енгізу ММ, МО 2011 ж. Талап етілмейді
3 Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша «Қазтест» жүйесін қолдану
МАМ-ге ақпарат БҒМ 2012 - 2013 ж.ж. 54,9 РБ 64,4* РБ 65,4* РБ 184,7*
4 Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қазақ тілі оқытушыларын даярлау
МАМ-ге ақпарат БҒМ 2011 - 2013 ж.ж. ҚР БҒМ 020 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты шегінде.
5 Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жанындағы деңгейлі білім бойынша тегін курстарды ұйымдастыру мәселесін пысықтау және қазақ тілін оқитындар санының өсуіне мониторинг жасау
МАМ-ге ақпарат ЖАО 2011 - 2013 ж.ж.
ЖБ*
ЖБ*
ЖБ*
6 Он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, ЖАО 2011 - 2013 ж.ж.
ЖБ*
ЖБ*
ЖБ*
7 Аккредиттелген қазақ тілін оқыту орталықтарына мониторинг жасау
МАМ-ге ақпарат ЖАО 2013 ж. Талап етілмейді
8 Қазақ және ағылшын тілдерін қарқынды оқыту жөніндегі интерактивті оқыту жүйелерін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтарын, оқыту-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық әдебиеттерін, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға суреттелген дыбысты кітаптарын, көрнекі құралдарын, қазақ тіліндегі аудиокітаптарын (СD тасымалдаушыда), компакт-дискілі әдебиеттерін, 3D элементтері бар қазақ, орыс, ағылшын тіліне оқытатын анимациялық бейнефильмдерін (DVD дискілерде) жасап, шығару
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, МТД ПҚ (келісім бойынша), ҮЕҰ 2011 - 2013 ж.ж. 1 143,8 РБ 113,5* РБ 1183,8* РБ 2441,1*
9 Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, балама, жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын дайындайтын және жасайтын мамандарды ынталандыру іс-шараларын жүргізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, ҮЕҰ 2011 - 2013 ж.ж. 4,2 РБ 4,5* РБ 4,9* РБ 13,6*
10 Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйрену үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, БҒМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) 2011-2013 ж.ж. 108,0 РБ 33,0* РБ 9,1* РБ 150,1*
11 Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдау зерттеулерін, сондай-ақ олардың статистикасын жүргізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) 2011 - 2013 ж.ж. 22,9 РБ 3,1* РБ 3,3* РБ 29,3*


Мақсаты: Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу
Міндеттер:
1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

12 Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін PR-жұмыстарына тарта отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік әдісі арқылы бірлескен акцияларды жүзеге асыру тәсілімен мемлекеттік тілді танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру
МАМ-ге ақпарат МАМ, ЖАО, БҒМ «Нұр Отан» ХДП, МТД ПҚ (келісім бойынша) 2011 - 2013 ж.ж. Талап етілмейді
13 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп жатқан қоғамдық қозғалыстар, бірлескен акциялар мен жобаларды ұйымдастыруда қазақ тілін насихаттай отырып, мемлекеттік тілді көпшілікке таныту
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, ЖАО, барлық мүдделі МО, «Нұр Отан» ХДП, МТД ПҚ (келісім бойынша) 2012 - 2013 ж.ж. Талап етілмейді
14 Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 19,8 РБ 20* РБ 21,4* РБ 61,2*
15 Мемлекеттік тілді және Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің тілдерін теле-радио хабарлар мен баспа БАҚ арқылы насихаттау және дамыту, сонымен қатар балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілді контентті БАҚ-та кеңейту
МАМ-ге ақпарат МАМ, ЖАО 2011 - 2013 ж.ж. 1 257,5 РБ 1615,5* РБ 1630,8* РБ 4503,8*
16 Телеарналарда мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі телевизиялық бағдарламаларды жасау және орналастыру
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011, 2013 ж.ж. 100,5 РБ 0,0 РБ 107,5* РБ 208,0*
17 Жыл сайынғы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауын өткізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 -2013 ж.ж. 4,7 РБ 5,1* РБ 5,4* РБ 15,2*
18 Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы қазақ тіліндегі интернет-ресурстарға қолдау көрсету
МАМ-ге ақпарат МАМ 2011 -2013 ж.ж. Талап етілмейді
19 Әлемдік көркем, публицистикалық, ғылыми әдебиеттерді мемлекеттік тілге аударуды және шығаруды, энциклопедиялық әдебиеттерді (технологиялық және өндірістік оқу бағдарламалары бойынша) әзірлеу мен шығаруды ұйымдастыру
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, БҒМ 2011, 2013 ж.ж. 736,9 РБ



889,8* РБ 1 626,7*
20 Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді ұсынуда мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету
МАМ-ге ақпарат Барлық МО, ЖАО 2011 -2013 ж.ж. Талап етілмейді
21 Фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждауда мемлекеттік қолдау көрсету
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 -2013 ж.ж. 39,3 РБ 300,0* РБ 300* РБ 639,3
22 Мәдениет мекемелерінің репертуарларын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар және жасөспірім көрермендер аудиториясын назарға ала отырып жаңа шығармалармен толықтыруды жандандыру
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, ЖАО 2012 - 2013 ж.ж. Талап етілмейді
23 Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету
МАМ-ге ақпарат Барлық МО, ЖАО 2011 - 2013 ж.ж. Талап етілмейді
24 Халықаралық қызметте мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету
МАМ-ге ақпарат СІМ, ОАО 2011 -2013 ж.ж. Талап етілмейді

Мақсаты: Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті
Міндеттер:
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу
2. Тіл мәдениетін жетілдіру
25 ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың жұмыстарын жетілдіру, Мемлекеттік терминологиялық комиссия жанындағы салалық жұмысты жетілдіру
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 22,1 РБ 22,0* РБ 23,6* РБ 67,7*
26 Ономастика және терминология жұмыстарын жүргізуде шешімдер қабылдау процесінде бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарын тарту
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. Талап етілмейді
27 Ономастикалық анықтамалықтар, сөздіктер, кітаптар, топонимикалық атаулар жобаларын әзірлеу және шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жағдайға талдау және мониторинг жүргізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 23,7 РБ 23,7* РБ 25,4* РБ 72,8*
28 Өңірлерді көрнекі ақпараттың қолданылуын бақылаумен қамту дәрежесіне мониторинг жүргізу
МАМ-ге ақпарат ЖАО 2011 - 2013 ж.ж. Талап етілмейді
29 Мемлекеттік тілде мемлекеттік топографиялық цифрлық карталарды жасау
МАМ-ге ақпарат ЖРБА 2011 - 2013 ж.ж. 330,5 РБ 360,3* РБ 360,3* РБ 1 051,1*
30 Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын дайындау, жаңарту және шығару
МАМ-ге ақпарат ЖРБА 2011 - 2013 ж.ж. 19,0 РБ 19* РБ 19* РБ 57,0*
31 Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың бюллетеньдерін шығару
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 4,0 РБ 4,3* РБ 4,6* РБ 12,9*
32 ҮЕҰ-ды қатыстырумен тілдің дамуы, тіл ортасын құру, қазақ терминологиясы, ежелгі түрік жазулары күндеріне байланысты республикалық (жергілікті) ғылыми-теориялық семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар өткізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ, барлық МО 2011 - 2013 ж.ж. 28,9 РБ 28,9* РБ 30,9* РБ 88,7*
33 Қазақ тілін дамыту бойынша журналдар мен альманахтар шығаруды қамтамасыз ету
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 -2013 ж.ж. 15,0 РБ 16,1* РБ 17,2* РБ 48,3*

Мақсаты: Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту
Міндеттер:
1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданылуы
2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау
3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
34 Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердегі жексенбілік мектептер арқылы ұлттық тілдерді және мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 25,2 РБ 25,2* РБ 27,0* РБ 77,4*
35 Жыл сайын мемлекеттік және өзге тілдерді білу бойынша республикалық байқаулар өткізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 24,1 РБ 25,7* РБ 27,5* РБ 77,3*
36 Жыл сайын Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалін, тілдің ұштұғырлығын насихаттайтын «Тілдарын» республикалық олимпиадасын, «Славян жазулары күндерін» өткізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 5,6 РБ 6,0* РБ 6,4* РБ 18,0*
37 Қазақстанның шекаралық өңірлерінде және этникалық топтар тығыз шоғырланған өңірлерде тілдік ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу
ҚР Үкіметіне ақпарат МАМ 2011 - 2013 ж.ж. 10,4 РБ 7,9* РБ 8,4* РБ 26,7*
38 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатын, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, мемлекеттік тілді үйрету бойынша тұрақты түрде айдарларды жария ету
МАМ-ге ақпарат ҚХА, МАМ, ЖАО 2011 -2013 ж.ж.

34,4 РБ 34,4 РБ 68,8
39 Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту курстарын ұлғайту
ҚР Үкіметіне ақпарат ЖАО 2011 - 2013 ж.ж.
ЖБ*
ЖБ*
ЖБ*

Барлығы:



4 235,8
2849,6*
4931,1*
12016,5*
* Барлық бюджет деңгейлері бойынша шығыстар көлемі тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
РБ      – республикалық бюджет
ЖБ      – жергілікті бюджет
ОАО     – орталық атқарушы органдар
ЖАО     – жергілікті атқарушы органдар
БҒМ     – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МАМ     – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ИЖТМ    – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар               министрлігі
СІМ     – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ЖРБА    – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
ҚХА     – Қазақстан халқы Ассамблеясы
ДҚҚ     – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
ХДП     – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
ҮЕҰ     – үкіметтік емес ұйымдар
МАБ     – мемлекетаралық бақылау
ҚР      – Қазақстан Республикасы
БАҚ     – бұқаралық ақпарат құралдары
МТД ПҚ  - Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры
ВАК     – ведомствоаралық комиссия