• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 11.02.2008 г

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 11.02.2008 жылғы № 533 Жарлығына сәйкес
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 384 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.05.2005 жылғы № 1575 Жарлығымен (04.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2007 жылғы №317 Жарлығымен (19.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санын бекітсін.
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат);
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939  Жарлығының  1-тармағының 2) тармақшасы.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі он күн мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қарауға енгізсін.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2004 жылғы 31 наурыздағы
 N 1327 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 01.12.2004 жылғы №1478 Жарлығымен (31.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 11.02.2005 жылғы №1518 Жарлығымен (01.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 04.03.2005 жылғы №1524 Жарлығымен (11.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 28.01.2006 жылғы №51 Жарлығымен (18.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 19.04.2006 жылғы №97 Жарлығымен (28.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2007 жылғы №317 Жарлығымен (19.04.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен         орынбасарлары 
Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімі 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері         және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы 
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі