Toggle Dropdown
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1812 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2015 жылғы № 238 Қаулысына сәйкес
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 2-бөлімнің «Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 2-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Пекинде өткен 2008 жылғы ХХIХ жазғы Олимпиада ойындарында 13 олимпиадалық наградаларға ие болдық, оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29-орынды қамтамасыз етті.
Жеңіп алынған медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кезеңдердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл – 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл – 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл – 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады.
2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медальға қол жеткізілді. Олимпиадада өнер көрсету қорытындылары бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді.
2011 жылғы Әлем чемпионатында, Әлем кубоктерінде, Азия чемпионаттарында, Еуропа чемпионаттарында және спорт түрлерінен халықаралық турнирлерде 797 медаль, оның ішінде 236 алтын, 262 күміс, 299 қола медаль, сонымен катар олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында 67 медальдары, 18 алтын, 22 күміс, 27 қола медаль ұтып алынды.
2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет Сингапурдағы 1-ші жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындылары бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24-орынға иелік етті.
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын белгілей отырып, бірінші орынды жеңіп алды.
Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау бойынша кезең-кезеңмен және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні олимпиадалық резерв даярлау орталығының 17-сі жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталықтың 95% спортшысы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді.
2007 – 2011 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.
2007 – 2011 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) құрылды.
Бүгінгі күні 418 БЖСМ-да 256 мыңнан астам бала немесе оқушылардың жалпы санының 10,6%-ы айналысады.
Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін 2988 оқушы оқитын спортта дарынды балаларға арналған 11 өңірлік мектеп-интернат және жалпы саны 1191 адамды қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат ашылды.
Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы оң үрдістерімен қатар, бірқатар проблемалар да бар.
1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
1) қазіргі жұмыс істеп тұрған олимпиадалық даярлық орталықтары мен олимпиадалық резервті даярлау орталықтарындағы жоғары жетістіктер спортының өзіндік материалдық-техникалық базасы жоқ;
2) республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының өзіндік спорттық базалары жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді.
Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осындай – оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді.
Жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттарының басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу үдерісін өткізу қағидаларына сәйкес келмейді.
2. Балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы. Бүгінгі күнге дейін салалық спорт клубтарын құру мәселелері шешілген жоқ. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта республиканың мектеп жасындағы балаларының 10,6%-ы ғана айналысуға мүмкіндік тудыра алады. Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ғылыми базаның болмауы, білікті мамандар тапшылығы:
1) спорт саласында білікті мамандардың өткір жетіспеуі байқалады. Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің 3%-ы дене шынықтыру пәні мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушы құрамының 30%-ы арнаулы білімі жоқ;
2) спорттық ғимараттарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, жоғарғы оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.
Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалыпына келтіру әдістемесіндегі қазіргі заманғы барлық жаңа әзірлемелер стратегиялық материалдар болып табылады, оларды басқа елдерден иелену мүмкін емес.
Отандық жаттықтырушылар Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 – 1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Әлемдік аренадағы спортшылар бәсекелестігінің артуына байланысты спорт бойынша мамандардың одан әрі әдістемелік және практикалық қызметі, сонымен қатар бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын жалпы дамыту елде өзінің ғылыми базасын құрмай қиынға түседі. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Ел ішіндегі жағдайды бағалау халықаралық аренада қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдегі халықтың дене тәрбиесі жүйесі мен спорттың дамуын жетілдіруді куәландырады, бұл нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі факторлық жағдайларды бағалау спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау жөніндегі шаралардың қабылданғанын растайды.
Сонымен қатар, саланы дамытуға сыртқы факторлардың ықпал етуі әлемдік аренада артып келе жатқан спортшылардың бәсекесімен сипатталады, бұл отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін уақтылы шараларды қабылдауды талап етеді.
Сонымен қатар, дене шынықтыру мен спортты дамытудың халықаралық тәжірибесі төмендегіні растайды.
1978 жылғы Халықаралық дене тәрбиесі және спорт хартиясына сәйкес кейінгі енгізілген толықтырулармен бірге түрлі елдер әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысының ерекшеліктеріне байланысты саланы дамытуды мемлекеттік реттеуді айқындайды, атап айтқанда қандай да бір белгілер бойынша кемсітусіз бұқаралық спортпен айналасуға қол жеткізу және спорт ғимараттарының желісін құру.
Сонымен, жақын және алыс шетелдерде саланың даму тәжірибесі бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер спорты, мүгедектер спорты, спорттық инфрақұрылымды дамыту, мамандар даярлау негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың негізін қалаушы спорттық жаттығуларда қазіргі заманғы ғылыми технологияларды пайдалану, сондай-ақ даярлық әдістемесін үнемі жетілдіру болып табылады және елде отандық спорт ғылымының дамуы әлі күнге дейін күрделі проблема күйінде қалып отыр. Республиканың жаттықтырушы-оқытушылар құрамы көбінесе «кеңестік» кезеңде әзірленген әдістемемен жұмыс істейді, көпшілігі спортшыларды жаттықтыру мен қалпына келтірудің қазіргі заманғы әдістерін меңгермеген.
Финляндияда спорт ғылымымен айналасатын ұйымдардың тікелей мемлекеттік қаржыландыруға заңдық тұрғыдан танылған құқығы бар. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудағы оқу уақытының кемінде 20%-ы ғылыми ізденістерге арналады. Бұған қоса, мемлекет спорт пен дене шынықтыру жаттығулары саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін кез келген меншік нысанындағы ұйымды қолдайды.
Мысалы, АҚШ-та мектептік, студенттік және бұқаралық спорт толығымен жергілікті биліктің құзыретінде болып табылады. Канада, Франция, Италия, Финляндия және басқа да бірқатар елдерде балалар мен жасөспірімдердің және студенттер спорты шығыстарының негізгі үлесін жергілікті бюджет қаржыландырады. Финляндия мен Норвегияда спортқа бөлінген ақша аударымының 80%-ы жалпыға ортақ пайдаланылатын спорт объектілерін салуға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады. Бізде керісінше: 80%-ы шеберлер командасына және тек 20%-ы ғана балалар спортына бөлінеді. Елдің спорттық жүйесі балалар спортына басымдықпен құрылуға тиіс.
Мекемелерде, ұйымдарда және халықтың тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруда күрделі проблемалар бар. Ұйымдар экономикалық тұрғыдан орынсыз деген себеппен спорттық және сауықтыру объектілерін ұстаудан бас тартады, дене шынықтыру және спорт мамандарын қысқартады.
Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша тек 662 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейді, ведомстволық спорт қоғамдарының жұмыс тәжірибесі жоғалған, дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің құны қымбаттауда. Талдау көрсеткендей, бағасы жоғары болғандықтан, жастардың көпшілігі спорттық-сауықтыру қызметіне қол жеткізе алмайды.
Спорт инфрақұрылымының тұрақты өсу үрдісі байқалғанына қарамастан, негізінен республика бойынша, әсіресе ауылдық жерде спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз болып отыр. 7000 ауыл мен кентте 21 238 ғимарат бар, оның ішінде 13943-і, яғни 65,8%-ы жазық ғимараттарды (спорт алаңдарын, алаңдар т.б) құрайды және тек 8,0%-ы ғана (1712 бірлік) жабық спорт кешендері жұмыс істейді.
Бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін 7 мыңнан астам спорт залының 89%-ы жалпы білім беру мектептерінде, бұл ретте олар спорттық мүкәммалмен жеткіліксіз жабдықталған және қолданыстағы техникалық пайдалану талаптарына сәйкес емес. Дене шынықтыру және спортты басқару органдарының деректері бойынша спорт залдары мен алаңдарының 40%-ы ағымдағы немесе күрделі жөндеуді талап етеді.
Мысалы, Ресей Федерациясында бес жылдық кезеңге спорт объектілерінің құрылысы, бұқаралық қозғалысты дамыту, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау және т.б. жөнінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлескен шараларының кешендерін көздейтін саланы дамытудың федералдық нысаналы бағдарламасы бекітіледі.
Инфрақұрылымды дамытуға 3 000-нан астам спорт және көп функционалды спорт залының, 1 000 спорт орталығының құрылысы кіреді. Ресейде және ТМД елдерінде де бірінші кезектегі мемлекеттік міндеттер болып дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесін арттыру, спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, спортшылардың спорттағы шеберліктерін арттыру болып табылады.»
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері:» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 1-кіші бөлімде: