Bestprofi Logo

Қаулы № 581 от 2007-07-07г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Документ на казахском языке

Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі N 581 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 13.03.2015 жылғы № 188 Бұйрығын қараңыз

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 209-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»7 шілдедегі N 581 қаулысымен бекітілген

Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері Қоныстану аумақтары жерінің экологиялық жай-күйінің критерийлері

Көрсеткіш-
тер
Параметрлер Салыстыр-
малы
қанағат-
танарлық
ахуал
Эколо-
гиялық
апат
Төтенше
эколо-
гиялық
жағдай
Негізгі көрсеткіштер
Экспозиция-
лық дозасының
топырақтың
үстіңгі
қабатынан 1
метр
деңгейдегі
қуаты,
мкР/сағ
400-ден
астам
200-400 кемінде 200
Радиоактивті
ластану,
Кu/кв. км
цезий-137
40-тан
астам
15-40 20-ға дейін
стронций-90 3-тен
астам
1-3 кемінде 1
плутоний 1-ден
астам
1-0,1 кемінде 0,1
Химиялық
ластанудың
жиынтық
көрсеткіші
(Zс)
128-ден
астам
32-128 0,3-ке
дейін
Қосымша көрсеткіштер
1 кг
топырақта
гельминттер
жұмыртқала-
рының болуы
100-ден
астам
10-100 кемінде 10
1 г топырақ-
тағы
патогенді
микроорга-
низмдердің
саны
10 -6 -дан
астам
10 5 -10 -6 жоқтығы
Коли-титр 0,01
-0,001
кемінде
0,001
кемінде
10 -4

Ескертпе - топырақ үшін коли-титр - грамында топырақтың 1 ішек таяқшасы болатын ең аз массасы.

Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған диагностикалық және қосымша критерийлер

Техногендік (пайдаланудан болған) азып-тозу 1. Жердің бұзылуы

Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы:

салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);

жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);

жердің литологиялық құрылысының бұзылуы:

0-100 см қабатта органогендік қабат пен қабаттағы қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен ықтимал құнарлы жыныстың болуы;

жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы;

жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:

Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады: гранулометриялық құрамы;

жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см 3 текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см 3 /г;

тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см 3 /г;

топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:

агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;

құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері;

топырақтың су-физикалық параметрлері:

су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);

негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;

Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:

топырақ профиліндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;

негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;

қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;

катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.

Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:

лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;

белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);

топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;

биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);

Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.

Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

топырақ профилі қуатының азаюы, (А+В) %;

топырақ профилінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;

топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;

ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;

эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;

Қосымша қритерийлер мыналар болып табылады:

қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;

жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.

Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см.;

жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.

Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:

алаңының бірлігіне келетін жыра саны;

алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;

жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.

Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:

құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см.;

жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;

жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;

азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;

қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;

қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %;

Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:

дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;

топырақ профилінде қарашірінді қорының кемуі (А+В);

гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;

шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.

Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);

уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г. топыраққа;

тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;

ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).

Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.

Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);

алмасатын магний құрамының артуы (КАС) %-бен);

Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.

Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:

топырақ-жер астындағы сулар деңгейін көтеру, м;

жер астындағы сулардың минералдануы (г/л);

Қосымша профильдің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.

Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу критерийлері

Көрсеткіштер Тозу деңгейі
(өте
әл-
сіз)
(әл-
сіз)
(орта-
ша)
(кө-
те-
ріл-
ген)
(жо-
ғары)
1 2 3 4 5 6
Абиотикалық
үйіндінің қуаты,
см
<2 2-10 11-20 21-40 >40
Беткі қабатына
қатысты
(тұтастығы
бұзылмаған) ойылу
тереңдігі (см)
<20 20-40 41-100 101-
200
>200
Физикалық саз
мөлшерінің шамаға
азаюы,
бастапқыдан %
<5 5-15 16-25 26-32 >32
Топырақтың
жыртылатын қабаты
тұтастығының тең
салмақты
тығыздығының
артуы, бастапқы
мөлшерден %
<10 10-20 21-30 31-40 >40
Тұрақты құрылымдық
(жарылуды есепке
алмағанда,
агрегатаралық)
кеуектілік, см 3
>0,2 0,11
-0,2
0,06-
0,1
0,02
-0,05
<0,02
Текстуралық
кеуектілік
(агрегатішілік),
см 3
>0,3 0,26
-0,3
0,2-
0,25
0,17
-0,19
<0,17
Сүзу коэффиценті,
м/тәулік
>1,0 0,3-
1,0
0,1-
0,3
0,01
-0,1
<0,01
Тастақтылығы,
жамылғының %-ы
<5 5-15 16-35 36-70 >70
Топырақтық
профилі қуатының
төмендеуі (А+В),
бастапқыдан %
<3 3-25 26-50 51-75 >75
Топырақ профилінде
қарашірінді
қорының азаюы
(А+В), бастапқыдан
%
<10 10-20 21-40 41-80 >80
Микроэлементтер
(Мn, Со, Мо, В,
Сu, Ғе) құрамының
азаюы, қамтамасыз
етілуінің орташа
дәрежесінен %
<10 10-20 21-40 41-80 >80
Жылжымалы фосфор
құрамының азаюы,
қамтамасыз
етілуінің орташа
дәрежесінен %
<10 10-20 21-40 41-80 >80
Алмасатын калий
құрамының азаюы,
қамтамасыз
етілуінің орташа
дәрежесінен %
<10 10-20 21-40 41-80 >80
Топырақ
ортасындағы
РН-тың өзгеруі,
орташа
көрсеткіштен %
<10 10-15 16-20 21-25 >25
Топырақ массасының
шығыны т/га/жыл
<5 5-25 26-100 101-
200
>200
Ашылған топырақ
түзетін жыныстың
(С) немесе төсеме
жыныстың (D)
алаңы, жалпы
алаңнан %
0-2 3-5 6-10 11-25 >25
Эрозияға ұшыраған
топырақ алаңының
ұлғаюы, жылына %
<0,5 0,5-
1,0
1,1-
2,0
2,1
-5,0
>5,0
Беткі қабатқа
қатысты шайылу
және су қазуының
тереңдігі, см
<20 20-40 41-100 101-
200
>200
Аумақтың
жыралармен
бөлінуі, км/км 2
<0,1 0,1-
0,3
0,4-
0,7
0,8-
2,5
>2,5
Құнарсыз қабаттың
дефляциялық
үйіндісі, см
<2 2-10 11-20 21-40 >40
Жерді пайдаланудан
шығарылған табиғи
алқаптардың алаңы
(өсімдік
өспеген), жалпы
алаңнан %
<10 10-30 31-50 51-70 >70
Жайылымдық
өсімдіктің жобалық
жамылғысы,
аймақтықтан %
>90 71-90 51-70 11-50 <10
Тозған жайылымдар
алаңының ұлғаю
жылдамдығы, жылына
%
<0,25 0,25
-1,0
1,1-
3,0
3,1-
5,0
>5
Жылжымалы құмдар
алаңы, жалпы
алаңнан %
0-2 3-5 6-15 16-25 >25
Жылжымалы құмдар
алаңының ұлғаюы,
жылына %
<0,25 0,25
-1,0
1,1-
2,0
2,1-
4,0
>4
Жоғарғы құнарлы
қабаттағы уытты
тұздар сомасының
құрамы (%):
-соданың
қатысуымен




<01




0,1-
0,2




0,21-
0,3




0,31
-0,5




>0,5
-тұзданудың басқа
түрлері үшін
<0,1 0,25 0,26-
0,5
0,51
-0,8
>0,8
Уытты сілтіліктің
артуы (тұзданудың
бейтарап типінен
сілті типіне
ауысқан кезде),
мг-экв/100 г
топыраққа
<0,7 0,7
-1,0
1,1
-1,6
1,7
-2,0
1,7-
2,0
Тұзданған топырақ
алаңының артуы,
жылына %
0-0,5 0,5-
1,0
1,1-
2,0
2,1-
5,0
>5,0
Алмасу натрий
құрамының артуы
(КАС-тан %-бен):
- құрамында < 1%
натрийі бар
топырақ үшін
- басқа топырақ
үшін



<1


<5



1-3


5-10



3-7


10-15



7-10


15-20



>10


>20
Алмасатын магний
құрамының артуы
(КАС-тан %)
<40 40-50 51-60 61-70 >70
Тұщы (<1-3 г/л)
жер асты сулары
деңгейінің жиналу
тереңдігі, м
- гумидті аймақта
>1,0 0,81
-1,0
0,61-
0,80
0,31
-0,60
<0,3
- далалық аймақта >4 3,1-
4,0
2,1-
3,0
1,0-
2,0
<1,0
Минералданған (>3
г/л) жер
астындағы сулар
деңгейінің жату
тереңдігі, м
>7 5-7 5-3 3-2 <2
Су басу ұзақтығы
(беткі ылғалдану),
ай
<3 3-6 6-12 12-18 >18

Ескертпе - бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание